Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Трамп Вашингтондағы Триумфальды арканы әскери мақсатта қолданбақ

20 сентября, 2026

 «Сырттан жау» іздеу: BBC зерттеуінің қазақстандық көрінісі бар ма?

10 сентября, 2026

Гонконг Қазақстанның озық өндірісіне серпін бере алады

8 сентября, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Си Цзиньпиннің дипломатиялық белсенділігі Трамппен кездесу қарсаңын…

    7 сентября, 2026

    Қырғызстан-Пәкістан саудасы: 12 есе өсу шынайы ма?

    7 сентября, 2026

    Бішкектегі АҚШ делегациясы бизнесті бірінші орынға қойды

    3 сентября, 2026

    Санья Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен бауырлас қала байланысын…

    3 сентября, 2026

    Қырғызстан ШЫҰ саммитін өткізіп, жаһандық державалармен теңгерім са…

    3 сентября, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Шекара дағдарысы: Жүк тасымалдаушылар Үкіметке үндеу жолдады
Басты тақырып

Шекара дағдарысы: Жүк тасымалдаушылар Үкіметке үндеу жолдады

29 июня, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse хабарлайды. Қазақстан мен Қытай шекарасында жүк тасымалына қатысты күрделі жағдай қалыптасты. Ел Президенті кеден жүйесін ретке келтіруді тапсырғанымен, Көлік министрлігі жүзеге асырған сәтсіз цифрландыру салдарынан шекарадағы әлеуметтік шиеленіс күшейіп отыр.

Көлік министрлігінің жүйесі ескертілмей енгізілді

Нұрлы жол кеден бекетінде жаңа «ҚаргоРұқсат» және «Қарго Әлем» ақпараттық жүйелері дайындықсыз енгізілген. Көптеген тасымалдаушылар бұл өзгеріс туралы алдын ала хабарландырылмаған. Жүйенің жұмысында ақаулар пайда болып, шекарадан өту процесі қиындаған. Куәгерлердің айтуынша, кейбір көліктер техникалық қателіктерге байланысты заңды кезегімен кірсе де, тіркеусіз өткізіліп кеткен.

Жүк тасымалдаушылардың үндеуі

Қазақстандық жүк тасымалдаушылардың бір тобы ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне арнайы үндеу жолдады. Онда былай делінген:

«Біз, Қазақстандық тасымалдаушылар, Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Харгос қаласына заңды кезекпен кірдік. Алайда «ҚаргоРұқсат» жүйесі рүқат бермеді, Нұрлы жол бекеті бізді қатсыз өткізіп жіберді. Жүйе ауысып жатқанын ешкім ескертпеді. Қазір біз Харгос бекетінен шыға алмай отырмыз. Кейбірімізде жүк бар, кейбіріміз жүксізбіз. Қытай кеден бекеті авто көліктеріміздің құжаттарын алып қойды. Егер осындай қиындықтар туатынын білсек, Қытайға кірмес едік. Біз отбасымызды асырау үшін, несиелерімізді жабу үшін осы салада жұмыс істеп жүрміз. Қытайда әр күнімізге 30-40 мың теңге көлемінде шығын кетіп жатыр. Ақшамыз таусылып барады. Мәселені шұғыл шешіп беруді сұраймыз».

Көпшіліктің үміті – Үкіметтің нақты әрекетінде

Қазіргі ахуал еліміздің көлік және логистика жүйесіне үлкен соққы болып отыр. Сарапшылар мұндай жағдай ұзаққа созылса, тек шекарадағы емес, ел ішіндегі азық-түлік және өнеркәсіптік тасымалдарға да кері әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.

Қоғам өкілдері мен жүргізушілер билік тарапынан нақты шешім қабылданып, техникалық жүйелердегі ақаулар жойылатынына үміт артып отыр.

Редакция ескертпесі: ҚР Көлік министрлігі тарапынан ресми түсініктеме берілген жағдайда материал жаңартылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleПрезидент бір аптада 3 ірі жиын, 8 кездесу өткізді — Руслан Желдібай
Next Article Мұрат Нұртлеу мен Лавров келіссөз өткізді

Related Posts

Гонконг Қазақстанның озық өндірісіне серпін бере алады

8 сентября, 2026

Қазақстан мен Гонконг биотехнологиялық стартаптарды дамыта алады

7 сентября, 2026

Қазақстан білім хабы болуды көздейді

7 сентября, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version