Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Трамп пен Маск тағы да жанжалдасып қалды
Жаңалықтар

Трамп пен Маск тағы да жанжалдасып қалды

1 июля, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

АҚШ президенті Дональд Трамп Илона Масктың шығындар мен салықтарға қатысты заң жобасына айтқан сынына жауап беріп, кәсіпкерге «дүкеніңді жап та, Оңтүстік Африкаға үйіңе қайт» деп кеңес берді.

«Электр көліктері — керемет, бірақ барлығын оны пайдалануға мәжбүрлеу дұрыс емес. Илон адамзат тарихында ең көп субсидия алған адам болуы мүмкін. Егер сол субсидиялар болмаса, бәлкім, ол әлдеқашан дүкенін жауып, Оңтүстік Африкаға қайтып кетер еді», — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сонымен қатар, Трамп бұрын Маск басқарған Мемлекеттік тиімділік департаментін (DOGE) тексеруге шақырды.

«Зымырандар, спутниктер мен электромобильдер өндірісін тоқтатсақ, ел ретінде үлкен қаржы үнемдер едік. Бәлкім, DOGE осы мәселені мұқият қарап шығуы керек шығар. Бұл арқылы миллиардтаған қаржыны үнемдеуге болады», — деді АҚШ президенті.

Заң жобасы туралы не белгілі?

Бұған дейін АҚШ Сенаты Трамптың өзі «бір үлкен және әдемі заң» деп атаған (One Big Beautiful Bill) реформалар пакетін ілгерілетуге дауыс берген. Бұл заң жобасында ауқымды салық жеңілдіктері мен мемлекеттік шығындарды көбейту қарастырылған. Құжатта шамамен 4 триллион доллар салықтық жеңілдіктерді ұзарту, шайпұлға салынатын салықты жою, Ақ үйдің жаппай депортациялау науқанына қаржы бөлу және «Алтын күмбез» (Golden Dome) деп аталатын зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін салу секілді Трамптың сайлауалды уәделерін орындау жоспарланған.

Енді Сенат осы шаралар пакетін түпкілікті дауысқа салуы тиіс.

Трамп пен Маск арасындағы текетірес

Илон Маск Трамптың «үлкен, әдемі заң жобасын» бірнеше рет сынға алып, оны «ақылға қонымсыз» және Республикалық партия үшін «саяси өз-өзіне қол жұмсау» деп атаған. Артынша Маск АҚШ президентінен кешірім сұрағанымен, оның соңғы жазбасына қарағанда, бұл заң жобасы жайлы пікірін өзгерткен жоқ.

«Бұл заң жобасына жұмсалатын ессіз шығындар мен мемлекеттік қарыз шегінің бес триллион долларға дейін ұлғаюы біздің бір партиялы — ШОШҚАЛАР ПАРТИЯСЫ бар елде өмір сүріп жатқанымызды көрсетеді! Енді халықты шын мәнінде ойлайтын жаңа саяси партия құратын уақыт келді», — деп жазды Маск X (бұрынғы Twitter) желісінде.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleКиік мүйізі қайда өткізіледі? Экология министрлігі аңшыларға жауап берді
Next Article Қазақстанда қару сатып алу ережелері өзгерді

Related Posts

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025

Сенат төрағасы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті бірлескен мәлімдеме жасады

2 октября, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.