Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

C5+1: АҚШ пен Орталық Азия мәдениет және маңызды минералдар бойынша…

8 июня, 2026

Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

7 июня, 2026

Гонконг пен Орталық Азия: Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

6 июня, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

    7 июня, 2026

    Өзбекстандық компаниялар үшін Гонконг жаһандық кеңеюге «идеалды пла…

    5 июня, 2026

    Орталық Азия: Су дипломатиясы мен мегажобалардың өзгеруі

    5 июня, 2026

    Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне өтуі: Филиппиннің жеңілісі

    5 июня, 2026

    Орталық Азия: Эль-Ниньо жазғы жаңбырлар қаупін арттыруда

    4 июня, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Қазақстанда жеке адамдардың шоттары толық бұғатталып жатыр: Әділет министрлігі жауап берді
Жаңалықтар

Қазақстанда жеке адамдардың шоттары толық бұғатталып жатыр: Әділет министрлігі жауап берді

18 июля, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: shutterstock

Соңғы кездері қазақстандықтар банк шоттарының толық бұғатталуына қатысты жаппай шағымдануда. Олар салық, айыппұл, коммуналдық төлемдер және өзге де қарыздар үшін шоттағы бүкіл қаражаттың бұғатталып жатқанына наразы. Мәжіліс депутаттары бұл жағдайды азаматтардың құқықтарын бұзу деп санайды – олардың пікірінше, сот орындаушылар тек қарыз көлеміндегі сомаға ғана шектеу қоюы тиіс.

Әділет министрі Ерлан Сарсембаев депутаттық сауалға жауап бере отырып, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шоттарға санкция тек прокурордың келісімімен және нақты өндірілетін сома көлемінде ғана қойылады. Бұл сомаға қарыздың өзі, орындау шығындары және жекеменшік сот орындаушысының қызметі кіреді», – деді министр.

Сарсембаевтың айтуынша, әрбір шектеу туралы қаулыда арест салынатын нақты сома көрсетіледі. Бұл ақпарат автоматтандырылған жүйе арқылы банктерге жіберіледі, ал банктер тек көрсетілген соманы ғана бұғаттайды. Мұндай талаптар «Банктер туралы», «Атқарушылық іс жүргізу туралы» заңдар мен Әділет министрлігінің бұйрықтарында нақты көрсетілген.

Толық бұғаттау тәжірибесі 2022 жылы тоқтатылған

Министрдің мәліметінше, банк шоттарының толық бұғатталуы 2022 жылдың наурыз айындағы Үкімет сағатында көтерілгеннен кейін тоқтатылған. Бұл фактіні Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы да растаған.

Сонымен қатар, депутаттар шоттағы қарыз өтелгеннен кейін бұғатты алып тастау бірнеше күнге созылатынын айтып, мәселе көтерген болатын. Егер бұл демалыс күндеріне немесе азамат шетелде жүрген сәтке сәйкес келсе, жағдай тіптен қиындай түседі.

Министр бұл уәжді де жоққа шығарды. Оның айтуынша, егер қарыз банк қосымшасы арқылы өтелсе, шоттағы бұғат автоматты түрде – 30 минут ішінде алынады. Ал толық орындалған жағдайда, сот орындаушы бір тәуліктің ішінде іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарып, оны тиісті органдарға жіберуі тиіс.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Сара апамыздікі — рухани ауру» — Сара Назарбаева турады тың дерек шықты
Next Article Саржалдың сары қымызы – республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Related Posts

C5+1: АҚШ пен Орталық Азия мәдениет және маңызды минералдар бойынша…

8 июня, 2026

Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

7 июня, 2026

Гонконг пен Орталық Азия: Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

6 июня, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version