Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Мемлекеттік кеңесші суицидтің алдын алу шаралары туралы айтты
Басты тақырып

Мемлекеттік кеңесші суицидтің алдын алу шаралары туралы айтты

21 июля, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

 

— Өкінішке қарай, өткен жылдың қыркүйек айында Алматыда қайғылы оқиға болып, екі бірдей оқушы, қыз бала өздеріне қол жұмсады. Өкінішке қарай, тергеу кезінде бұл балалар әлеуметтік желіде ықпалға түскені анықталды. Сол контентті әлеуметтік желіде басқа да балалар қолданып отырғаны белгілі болды. Содан кейін, әрине, қауіп туды. Бұл тек сол оқиғамен ғана шектелмей, басқа да оқиғаларға ұласып кету қаупі пайда болған. Бір жағынан мұны құқық қорғау органдары тергей бастады, біз өз тарапымыздан қабылдануға тиіс жедел шешімдерді ақылдаса бастадық. Сөйтіп Президент әкімшілігінің деңгейінде қарап, талқылап, шұғыл шаралардың жоспарын бекітіп, бір уақытта бүкіл ата-аналар комитетінің жиналысын өткіздік. Сол жиналыстарда осындай қосымшалар, аккаунттар бар екенін, балалар қолданатын гаджетте осындай контенттің бар-жоғын анықтап, сақ болу керектігін ескерттік. Тіпті екінші сыныпта оқып жүрген балаладың өздерінің планшеттерінен осыған ұқсас қауіпті қосымшалар табылды, — дейді Ерлан Қарин.

Айтуынша, балалардың көбі бұл қосымшаларға заманауи кітаптар арқылы кірген.

— Кейбір қосымшалардың атауының өзі ағылшын тілінен аударғанда «ата-анадан қашып кету керек» деп жазылған. Бала оны ойын сияқты қабылдайды. Басында ойын деңгейінде баланы баурап, кейін балаларды ата-аналарына қарсы қояды. Жаңағы жағдайды зерттей келіп, өзіне қол жұмсаған балалар белгілі бір әдебиетті оқығаны анықталды. Біз сол кітапты іздестіріп, қаладағы кітап дүкендерінен осыған ұқсайтын тағы он шақты кітапты таптық. Мұқабасына, мазмұнына қарасаң, ешқандай қауіп жоқ секілді – махаббат туралы, жастардың арасындағы қарым-қатынас туралы сияқты көрінеді. Бірақ балалар осы кітаптарды оқып, басқа бір ойларға беріліп, ең соңында сол кітаптардың кейіпкерлеріне арналған қосымшаларына кіріп, ең соңында өздеріне қол жұмсағаны анықталды. Біз кітап дүкендерінен сол және мазмұны осыған ұқса кітаптарды айналымнан шығардық. Осылайша осындай әлеуметтік желі арқылы балаларымызға бағытталған астыртын әрекеттің жолын кесіп, эпидемияға айналуына жол бермедік, — дейді Мемлекеттік кеңесші.

Сондай-ақ, ол оқушылар көп жүретін орындарға орнатылған QR-кодтар біраз мәселенің бетін ашқанын айтады.

— Мәселе диагностикаға келіп тірелді. Осындай ойда жүрген балаларды анықтау үшін екі негізгі әдістемеге құрылған сауалнама жүргізіледі. Тура немесе жалпылама сұрақтар қою арқылы анықталады. Бұл сауалнама бір мектептерде жүргізілсе, бір мектептер жүргізілмейді, тағы бірінде шала жүргізілсе, келесі бірінде жүйелі жүргізіледі дегендей. Ойлана отырып, оқушылар жүретін орындарда арнайы психологиялық орталыққа қосатын QR-код орнату туралы шешім қабылдадық. Оның алдында бір жыл бұрын «111» байланыс телефоны қолданысқа енгізілген болатын. Ол кез келген жәбірленушіге арналған. 2023 жылдың қараша айынан 2024 жылдың қараша айына дейін сол нөмірге балалар 10 мың қоңырау шалған екен. Ал біз қойған QR- кодқа бір аптада 10 мың хабарлама түсті. Әрине, оның 80-90 пайызы әуестікпен жіберілген. Бірақ қалған 1000 қоңыраудың ішінде де шын қиын жағдайға түскен балалардан хабарлама алдық. Біз дереу сол балалармен хабарластық. Осындай шаралардың нәтижесінде өткен жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда балалар арасында өзіне қол жұмсау оқиғалары 17 пайыз төмендеді. Ол кезде елдегі 7 мың мектептің 2-3 мыңын қамтып үлгерген шығармыз. Биыл 7 мың мектептің бәрін түгел қамтып жатырмыз. Биылдың өзінде сол QR-кодтардың арқасында қиын жағдайда болған. Шешім қабылдаудың алдында тұрған 28 баладан хабарлама түсіп, 28 баланы құтқарып қалдық, — дейді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің сөзінше, бұрын норматив бойынша 1000 балаға бір психологта бекітілсе, қазір 500 балаға бір психолог жауапты.

— Қазір проблема неде? Ата-аналарымыз балалардың тәрбиесін мемлекетке жүктеп қойғандай боп көрінеді. Мектепке жібереді, мемлекет оларға білім де, тәрбие де беру керек. Мемлекет одан бас тартып, қашып отырған жоқ. Бірақ ата-аналар да мемлекетпен жұмыс істеу керек. Отбасында балалармен дұрыс қарым-қатынас жасау қажет.

Жаңағы QR-кодқа бір бала қиын жағдайда тұрғанын, дәрі қолданғанын жазды. Ал көрші бөлмеде отырған әкесі оны білмеген. Инспектор бір минутқа кешіккенде, бәрі кеш болар еді. Әке-шешесі аң-таң болды. Көрші бөлмеде отырып, баласының осындай әрекетке дайындалып жатқанын білмеген. Барша баланың қасына бір-бір инспектор қою мүмкін емес. Сондықтан ата-аналар бұл жұмысқа кіріспейінше, тәрбие жұмысымен айналыспайынша, бұл проблеманы толықтай жеңу, шешу мүмкін емес. Мемлекет араласып, қабылдайтын мәселелердің шегі болады, — деді ол.

Еске салсақ, осы айдың басында Атырауда кәмелетке толмаған 2 жасөспірім суицид жасағаны белгілі болған еді.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

білім Бала Ерлан Қарин Мемлекеттік кеңесші Тәрбие
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleСаржалдың сары қымызы – республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды
Next Article КӨРІНЕТІН КӨЗ, ЕСТІЛЕТІН ДАУЫС, СЕЗІЛЕТІН ЖҮРЕК

Related Posts

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.