Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Ресей-Қазақстан медиафорумы БАҚ рөлін талқылады

3 августа, 2026

Қазақстан тамыз-қыркүйекте әскери оқу-жаттығу өткізеді

3 августа, 2026

Ресей мен Қазақстан БАҚ-тары сенімді нығайтуда

3 августа, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Қазақстан парламент сайлауын 50-ден астам байқаушы бақылайды

    3 августа, 2026

    Тәжікстандағы ресейлік база диверсияға қарсы жаттығу өткізді

    3 августа, 2026

    Жалған ақпарат: Қазақстан сайлауына төнген қатер

    3 августа, 2026

    Қырғызстан мен Әзірбайжан одақтастық шартқа қол қойды

    31 июля, 2026

    Қазақстан Wildberries қоймасы туралы өтінішті әлі алмаған

    30 июля, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Саржалдың сары қымызы – республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды
Жаңалықтар

Саржалдың сары қымызы – республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

21 июля, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысы үшін жағымды жаңалық!

Алғаш рет республикалық деңгейде өткен “Бай қымыз” гастрофестивалінде Абай облысының Саржал ауылы бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіншіледі.

“Саржалдың сары қымызы – көптен бері ел аузында жүрген, талай жұрттың таңдайын қақтырған табиғи өнім. Бірақ бүгінгі жеңіс тек дәм арқылы емес, әділ де ашық дауыс беру нәтижесінде анықталды. Демек, бұл – халықтың өзі берген әділ баға!” – деп жазды өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, бұл жеңіс – өңірдің әлеуетін, табиғи өнімге деген адалдығы мен дәстүрге деген құрметін паш еткен маңызды оқиға. Әсіресе, Абайдың 180 жылдығы қарсаңында мұндай жетістік ерекше символдық мәнге ие.

Берік Уәли аталмыш марапаттың ішкі туризм мен өңірлік брендтерді дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, қымыз өндірушілерге, ұйымдастырушыларға және дауыс берген жұртшылыққа алғыс айтты.

“Жеңіс құтты болсын, жерлестер!” – деп түйіндеді Абай облысының әкімі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleҚазақстанда жеке адамдардың шоттары толық бұғатталып жатыр: Әділет министрлігі жауап берді
Next Article Мемлекеттік кеңесші суицидтің алдын алу шаралары туралы айтты

Related Posts

Ресей-Қазақстан медиафорумы БАҚ рөлін талқылады

3 августа, 2026

Қазақстан тамыз-қыркүйекте әскери оқу-жаттығу өткізеді

3 августа, 2026

Ресей мен Қазақстан БАҚ-тары сенімді нығайтуда

3 августа, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version