Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

19 ноября, 2025

Развитие АПК: рост благосостояния сельских жителей как этап при построении Справедливого Казахстана

14 ноября, 2025

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Алматыдағы ІІМ академиясы неге балаларды Ресейге оқуға баруға үгіттейді?
Жаңалықтар

Алматыдағы ІІМ академиясы неге балаларды Ресейге оқуға баруға үгіттейді?

30 июля, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Коллаж Orda.kz
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

29 шілде күні Алматыдағы Макан Есболатов атындағы Ішкі істер министрлігі академиясында бір топ ата-ана наразылық білдіріп, мекеме алдында жанжал шығарды. Себеп – балалары жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмаған. Ата-аналардың айтуынша, академия өкілдері оқуға түсе алмағандарға Петропавлдағы Ұлттық ұлан институтына немесе Ресейдің Воронеж қаласындағы оқу орнына баруды ұсынған, деп жазады Orda.kz.

75 баллмен түсе алмай, 54 баллмен түскендер бар

Наразы топтың ішінде «Жас Ұлан» мектебі мен «Арыстан» лицейінің түлектерінің ата-аналары да бар. Бұл оқу орындары ІІМ академиясына түсуге арнайы дайындық жүргізетін білім ошақтары саналады. Бірақ академияда тек грант негізінде ғана оқуға болады, ақылы бөлім жоқ. Сол себепті ата-аналар гранттың әділ бөлінбегенін айтып отыр.

Мысалы, Жанар Мырқасымованың айтуынша, баласы медициналық тексерістен, физикалық сынақтан сәтті өтіп, ҰБТ-дан 75 балл жинаған. Алайда оқуға түсе алмаған. «Кейбіреулер 52–54 балмен түсті. Ақылы бөлім ашылса, өзіміз төлер едік. Бірақ ондай мүмкіндік те жоқ», — дейді ол.

Тағы бір ата-ана Асхат Шәріповтің айтуынша, баласына психологиялық тексеруден өтпеді деген желеумен бас тарту құжатына қол қойдыртқан. «18 жасқа толған балам неге бас тарту хатына қол қояды? Бұл — қысым. Көптеген мықты бала грантсыз қалды, ал ақша мен байланысы барлар ғана өтті. Академияға тексеру жүргізілсін!» — дейді ол.

Бір қыз өз-өзіне қол салмақ болған – бірақ академия растамады

Ата-аналар айтуынша, өткен аптада оқуға түсе алмаған бір қыз академия аумағында өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қызды құтқарып қалғаннан кейін оны грантқа қабылдаған. Алайда Алматы қалалық Полиция департаменті мен академия басшылығы бұл деректі жоққа шығарды.

Академия не дейді?

Академия басшысының орынбасары Ержан Бимолданов биыл талапкерлер санының тым көп екенін айтты. «700 бала құжат тапсырды, ал академия 300 орынға ғана есептелген. Порог балл – 50. Бірақ бәсекелестік жоғары. Мәселен, 70-тен жоғары балл жинағандар да түсе алмауы мүмкін. Дегенмен барлық үміткер комиссиядан өтті. Қабылдау процесі бейнебақылауға жазылды, әділ өтті», — деді ол.

Оның айтуынша, 54–56 балл жинап түскендер бар, бірақ олар — жеңілдік санатына кіретіндер: Ұлттық ұланда қызмет еткендер, спорт шеберлері, 100 баллдан жоғары жинағандар немесе қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің балалары.

Неге Ресейге баруға кеңес береді?

Бимолданов Қазақстан мен Ресей арасында ІІМ оқу орындары бойынша келісім бар екенін айтты. «Мәселен, Воронежде, Екатеринбургте, Мәскеуде ІІМ оқу орындары бар. Ол жерге түсу үшін емтихан тапсыру қажет емес, Қазақстандағы ҰБТ баллы жеткілікті. Биыл бізден 7 үміткер сұралды. Біз ата-аналарға соны ұсындық. Сондай-ақ Петропавлдағы әскери институтта бос орын бар екенін де ескерттік. Немесе басқа ЖОО-да бір семестр оқып, кейін академияға қайта грантқа түсуге болады — кейде студенттер тәртіп не үлгерім бойынша оқудан шығып қалады», — деді ол.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleРесейде жаңа коронавирус штамы анықталды: балалар арасында жылдам таралуда
Next Article Тоқаев Түркияның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Related Posts

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

19 ноября, 2025

Развитие АПК: рост благосостояния сельских жителей как этап при построении Справедливого Казахстана

14 ноября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version