Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » «The Voice Қазақстан»: «Хабар» арнасы жаңа маусымын бастайды
Жаңалықтар

«The Voice Қазақстан»: «Хабар» арнасы жаңа маусымын бастайды

27 августа, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан «Хабар» арнасы осы күзде көрермендеріне көптеген тосынсый әзірлеп отыр. Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, әлемдік үрдістер мен заман келбетін, қоғам мәселелерін терең талдайтын тележобалар мен танымал шоулар 30-маусымның басты ерекшелігі болмақ.

Мерейтойлық маусымның негізгі жобасы – әлемдегі ең жоғары рейтингке ие музыкалық шоу –  «The Voice Қазақстан». Кең танылған жоба еліміздің ерекшеліктеріне сай жаңа форматта көрсетілмекші. Жұлдызды тәлімгерлер — Мейрамбек Бесбаев, Баян Алагөзова, Бағым Мұхитденова, Байғали Серкебаев және TURAR. «The Voice Қазақстан» көрермендерге ұмытылмас шынайы эмоциялар мен жаңа жұлдыздардың жарқыраған сәттерін сыйлайды.

Сондай-ақ, осы күзде ұлтымыздың рухани қазынасы – айтыс өнері жаңартылған телевизиялық форматта жарыққа шығады. Тізгінін белгілі айтыскер Аманжол Әлтай ұстаған «Жекпе-жек Айтыс» тележобасы бекзат өнерімізді төрге оздырмақ. Көрермендер Бекарыс Шойбеков, Жансая Мусина, Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев, Мақсат Аханов сынды айтыс майталмандарын жаңа қырынан ашатын болады. Жоба «Magnum» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Ал белгілі айтыскер, «Алтын домбыра» иегері Мейірбек Сұлтанхан «Айтыс айнасы» бағдарламасы арқылы айтыс аламанына терең бойлап, айтыскерлердің естеліктері мен жан сырларын ақтарады.

Қыркүйек айынан бастап «Хабар» жаңалықтары күн сайын төрт рет эфирге шығып, барлық цифрлық алаңдарда қолжетімді болады. Осылайша көрермендерге тек жаңалықтар ғана емес, маңызды оқиғаларға терең талдау жасау мүмкіндігі ұсынылады.

Жаңа жобалар қатарында ғылым мен технология жетістіктерін жіті талдайтын «НеоСана» бағдарламасы бар. Ал белгілі тележурналист Дана Нұржігіттің «Өмір өрнегі» жобасы болмысы ерекше тұлғалардың өмірі мен беймәлім қырларын ашатын ең қызықты жоба болғалы тұр.

«Қоғам пікірі» қоғамдық-саяси ток-шоуы бұл маусымдағы тың жоба және ол – сөз сайыстырып, ашық пікір таластыратын телевизиялық жаңа алаңға айналады.

Отандық телесериалдарымен де халықтың жүрегіне жол тапқан арна «Келінжан» телехикаясының 6-маусымын дайындап, әйгілі кейіпкерлердің қызығы мен шыжығына одан сайын тереңдей түсуді ұсынады.

Бір сөзбен айтқанда, 30 жыл елмен бірге келе жатқан «Хабар» арнасының мерейтойлық қоржыны қалың, контенті сапалы әрі әсерлі болмақ.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleБүгін Алматыда Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш кездеседі
Next Article Өскеменде «Magnum» супермаркеті тағы да мерзімі өткен тауар сатқаны үшін сынға ұшырады

Related Posts

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025

Сенат төрағасы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті бірлескен мәлімдеме жасады

2 октября, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.