Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Пәкістан қақтығысты ушықтыруды көздемейді — елші Науман Башир Бхатти
Central Asia

Пәкістан қақтығысты ушықтыруды көздемейді — елші Науман Башир Бхатти

3 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Пахалгамдағы теракті: Пәкістан аймақтың бейбітшілігіне Үндістанды айыптады

Пахалгамдағы қайғылы оқиғадан кейін Оңтүстік Азиядағы жағдай ушықты. Бұл аймақ Үндістанның заңсыз бақылауындағы Джамму мен Кашмир жерінде орналасқан. Аталған өңір БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар қарарларына сәйкес даулы аймақ деп есептеледі және оның шешілмеуі аймақтағы тұрақсыздықтың басты себебіне айналды.

Пәкістан терроризмнің кез келген түрін айыптайтынын мәлімдеді. Ел Үндістандағы Пахалгамдағы теракті кезінде адамдардың қаза болуына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, бұл істі тәуелсіз әрі бейтарап сарапшылардың зерттеуін талап етті. Пәкістанның елшісі Науман Башир Бхатти Үндістанның бұл оқиғаға Пәкістанды еш дәлелсіз кінәлағанын айтып, мұндай айыптауларды түбегейлі жоққа шығарды. Ол сонымен бірге Үндістан тарапы әлі күнге дейін нақты дәлел келтірмегенін атап өтті.

Елші сондай-ақ, Үндістан билігі мен кейбір ақпарат құралдары жылдар бойы Пәкістанға қарсы жалған ақпарат таратып, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіруге тырысып жатқанын айтты. Оның сөзінше, Үндістан осындай оқиғаларды пайдаланып, Пәкістанды қаралау арқылы өз саяси және аймақтық мақсаттарына қол жеткізгісі келеді.

Бхатти Үндістанның Пәкістанға қарсы жоспарланған және қаржыландырылған террористік әрекеттерге қатысы бар екенін айтты. Оның айтуынша, Пәкстан қауіпсіздік күштері Үндістан қолдап отырған бірқатар лаңкестік әрекетті уақытында анықтап, алдын алды.

Сондай-ақ Пәкістан өкілі Пахалгамдағы оқиғадан кейін Үндістан Министрлер кабинеті қабылдаған кейбір шешімге баға берді. Елші Инд өзені туралы келісімге қатысты кез келген шектеуді халықаралық құқықты өрескел бұзу деп айыптады. Пәкістан халқының көп бөлігі дәл осы су ағысына тәуелді. Елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті су ағысын тоқтатуға бағытталған әрекеттердің агрессия деп қаралатынын және тиісті түрде жауап беретінін мәлімдеді.

Пәкістан өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты жақтайтынын, алайда сыртқы агрессия кезінде өзін-өзі қорғау құқығын толық пайдаланатынын жеткізді.

Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері де 2025 жылғы 22 сәуірде Джамму мен Кашмирде болған террористік шабуылды айыптап, құрбандардың туыстарына көңіл айтты. Қауіпсіздік Кеңесі терроризм халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіретінін баса айтты.

Пахалгамдағы лаңкестік шабуылы 22 сәуірде белгілі туристік қалада болған еді. Бұл оқиға кезінде 25 үндістандық, бір непалдық қаза тапты, көп адам жараланды. Оқиғадан кейін Үндістан билігі кең көлемде арнайы операция жүргізіп, 1 500-ден астам адамды тергеуге алды, 10 үйді қиратты.

Полиция дерегінше, шабуыл жасады деп күдікке ілінген төрт адамның үшеуі анықталды: екеуі – Пәкістан азаматтары, бірі — Үндістандағы Кашмир тұрғыны. Бұл теракт үшін жауапкершілікті Пәкістандағы «Лашкар-е-Тайба» ұйымымен байланысы бар Resistance Front тобы өз мойнына алған, алайда кейін шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Кілтсөздер: Пахалгам, терроризм, Пәкістан, Үндістан, Джамму мен Кашмир, Инд өзені, лаңкестік шабуыл, Оңтүстік Азия, халықаралық құқық, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

БҰҰ Елші Пәкістан Үндістан Әлем жаңалықтары
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleАҚШ әкімшілігі БҰҰ, ЮНЕСКО және ДДСҰ ұйымдарына жарна төлеуді уақытша тоқтатуды ұсынды
Next Article Трамп NPR радиосы мен PBS телеарналар желісінің қаржыландыруын қысқартты

Related Posts

Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

28 июля, 2025

Әзірбайжанда Ресей азаматтарының тағы бір тобы ұсталды

2 июля, 2025

Әзербайжан мұнай қоры БАӘ газ инфрақұрылымына 50 млн доллар инвестициялады

30 мая, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.