Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Рэпер P. Diddy-ге ауыр айыптар тағылуда
Танымал рэпер P. Diddy-ге рэкет, жыныстық сауда және жезөкшелікке тарту мақсатында адамдарды тасымалдау секілді ауыр айыптар тағылды. Егер ол сотта кінәлі деп танылса, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
P. Diddy-ге қатысты ондаған азаматтық талап арыздар да түскен. Шағымданушылар оның ықпалын пайдаланып, адамдарға есірткі беріп, күш көрсетіп, зорлап, қорқытып, үнсіз қалуға мәжбүрледі деп мәлімдейді.
Рэпер өзіне тағылған қылмыстық айыптарды мойындамайды. Оның сөзінше, азаматтық істер — «жылдам ақша табудың амалы».
Сот процесі дүйсенбі күні басталды, алғашқы күндері қазылар алқасын іріктеу жүргізіледі. Негізгі іс 12 негізгі және 6 қосалқы қазы анықталғаннан кейін басталады.
P. Diddy-ге қатысты дау 2023 жылдың соңында бұрынғы сүйіктісі Кассандра Вентураның зорлық көргені туралы шағымынан кейін өрбіді. Бұған дейін рэперді сотқа бергендердің саны артқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Кілт сөздер: P. Diddy, рэпер, сот процесі, айып, зорлық, жыныстық сауда, есірткі, қылмыс, АҚШ шоу-бизнес, рэкет.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
