Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
АҚШ армиясында генералдар саны қысқарады
АҚШ Қорғаныс министрлігі армияның жауынгерлік қабілеті мен әскери дайындық деңгейін арттыру үшін басқару құрылымын оңтайландыру қажет екенін мәлімдеді. Министрліктің хабарлауынша, жаңа өзгерістер әскердегі бюрократияны азайтып, басқару жүйесін заманауи және икемді етуге бағытталған. Яғни, реформалар инновацияны қолдап, жылдам әрі тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жаңа бастама аясында төрт жұлдызды генералдар мен адмиралдардың саны 20%-ға қысқарады. Бұл өзгеріс, сондай-ақ, Ұлттық гвардия құрамындағы жоғарғы шенді офицерлерге де әсер етпек.
Қорғаныс ведомствосы аталған қадам нәтижесінде АҚШ армиясы бұрынғыдан да мобильді және тиімді күшке айналатынын атап өтті. "Бұл шаралар әлемдегі ең қуатты жауынгерлік күш мәртебемізді сақтап, бейбітшілікті қамтамасыз етуге, армияның тиімділігі, инновациялық әлеуеті мен дайындық сапасын көтеруге жол ашады," – делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың 2026 жылы әскери шығындарын 1,01 триллион долларға дейін арттыруды жоспарлап отырғаны жайлы хабарланған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Шығыс Еуропадағы 6000 сарбазын алмастыруды көздеп отыр.
Кілтсөздер: АҚШ армиясы, генералдар саны, әскери реформа, қорғаныс министрлігі, әскери шығындар, жауынгерлік күш, әскери басқару, Ұлттық гвардия, инновация, әскери тиімділік.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
