Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
БҰҰ: Газа секторындағы қақтығыста басты басымдық – зорлық-зомбылықты тоқтату
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак Нью-Йоркте өткен баспасөз жиынында Газа секторындағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Бас хатшы Антониу Гутерриш Израиль шабуылдарының кеңеюіне алаңдаушылық білдіріп, бұл әрекеттер бейбіт тұрғындар арасында жаңа құрбандар мен қиратуларға әкелетінін атап өтті.
— Бас хатшы қазіргі басты мақсат – зорлық-зомбылықты дереу тоқтату деп санайды. Жаңа қантөгіс пен қиратуларға жол берілмеуі қажет, – деді Фархан Хак.
Гутерриш Газа аймағы болашақ Палестина мемлекетінің бөлінбес бөлігі болып қала беруі тиіс екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол Газадағы әскери жанжалды дереу тоқтатып, барлық соғыс тұтқындарын сөзсіз босатуға үндеп отыр.
Айта кетейік, Израильдің Қауіпсіздік кабинеті Газа секторындағы аумақты кеңейтуді және «қауіпсіздік буферлік аймақтарын» ұлғайтуды көздейтін жаңа шабуыл жоспарын бекітті. Бұрынғыдан өзгеше, бұл жолы Израиль әскері басып алған аудандардан шығарылмайды. Үкіметтің негізгі мақсаты – палестиналықтарды Газадан күштеп көшіру.
Еске салсақ, БҰҰ Бас хатшысы жуырда Үндістандағы қарулы шабуылды да қатаң айыптаған болатын.
Кілт сөздер: БҰҰ, Газа секторы, Израиль шабуылы, Палестина, қақтығыс, зорлық-зомбылықты тоқтату, соғыс тұтқындары, окупация, халықаралық жаңалықтар.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
