Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Трамп Вашингтондағы Триумфальды арканы әскери мақсатта қолданбақ

20 сентября, 2026

 «Сырттан жау» іздеу: BBC зерттеуінің қазақстандық көрінісі бар ма?

10 сентября, 2026

Гонконг Қазақстанның озық өндірісіне серпін бере алады

8 сентября, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Си Цзиньпиннің дипломатиялық белсенділігі Трамппен кездесу қарсаңын…

    7 сентября, 2026

    Қырғызстан-Пәкістан саудасы: 12 есе өсу шынайы ма?

    7 сентября, 2026

    Бішкектегі АҚШ делегациясы бизнесті бірінші орынға қойды

    3 сентября, 2026

    Санья Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен бауырлас қала байланысын…

    3 сентября, 2026

    Қырғызстан ШЫҰ саммитін өткізіп, жаһандық державалармен теңгерім са…

    3 сентября, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Абай облысында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті
Жаңалықтар

Абай облысында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

6 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Абай облысының орталығы Семей қаласындағы Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ер – елінің қорғаны» атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды EurasiaPluse ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мерекелік шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли арнайы қатысып, өңір жұртшылығын қос бірдей тарихи маңызы бар мерекемен құттықтады. Сөз сөйлеу барысында аймақ басшысы елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне алғысын білдірді.

«Бұл қос мереке – халқымыздың қайсар рухын, елге деген сүйіспеншілігін және Тәуелсіздікті қорғаудағы табандылығын айғақтайтын тарихи маңызы зор күндер. Ұлы Отан соғысы жылдарында Абай өлкесінен 106 мыңнан астам азамат майданға аттанып, ерлік көрсетті. Ал тылдағы халықтың жанкешті еңбегі ел тарихында алтын әріппен жазылды. Бұл – шексіз патриотизм мен ұлтқа деген адалдықтың жарқын көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ел қауіпсіздігін сақтау – батырлық пен биік жауапкершілікті қажет ететін абыройлы міндет. Осы жолда Сіздердің үлгілеріңіз – барша ұрпақ үшін темірқазық», – деді облыс әкімі өз құттықтауында.

Салтанатты жиын барысында театрландырылған көріністер, патриоттық мазмұндағы би қойылымдары және әндер ұсынылды. Кеш қонақтарына Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Сүндет Байғожин, «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі, «Аламан» вокалды тобы, «ContraSSt» би театры, «Дариға-ай» жастар театрының әртістері, сондай-ақ танымал әншілер Ибрагим Ескендір мен Мапруза Өтеуленова өз өнерлерін паш етті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірдегі әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Абай облысының білім беру ұйымдарында 234 әскери-патриоттық клуб жұмыс істеп, 5 мыңнан астам жас жеткіншек ерлік пен елдік рухында тәрбиеленіп келеді. Сонымен қатар, 33 мектепте құрылған 59 «Жас сарбаз» сыныбында 900-ден астам оқушы білім алуда.

Шара соңында қатысушылар ардагерлерге және қазіргі буын әскери қызметкерлерге құрмет көрсетіп, ел бірлігі мен тұтастығы жолында қызмет етудің маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleИзраильдің Газаға шабуылдарын кеңейту жоспары ұлттың жойылуына әкеледі
Next Article Үндістан суасты миналарын сынақтан өткізді

Related Posts

Трамп Вашингтондағы Триумфальды арканы әскери мақсатта қолданбақ

20 сентября, 2026

 «Сырттан жау» іздеу: BBC зерттеуінің қазақстандық көрінісі бар ма?

10 сентября, 2026

Гонконг Қазақстанның озық өндірісіне серпін бере алады

8 сентября, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version