Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Трамп Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістің тоқтауына үміттенеді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен баспасөз жиынында Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы бұл елдер арасындағы шиеленістің тоқтауын қалайтынын атап өтті.
— Мен олардың тоқтағанын қалаймын. Олар өзара келісімге келеді деп үміттенемін. Егер мен бұл жағдайға көмектесе алсам, міндетті түрде араласамын, — деді Трамп Нью-Дели мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына байланысты.
Трамп екі елмен де жақсы байланысы барын жеткізіп, Үндістан мен Пәкістан бейбіт келісімге қол жеткізгенін қалайтынын айтты.
Айта кетейік, 22 сәуірде Джамму мен Кашмир аймағындағы әйгілі Пахалгам қаласында қарулы адамдар шабуыл жасап, 25 үнді және 1 непалдық азамат қаза тапқан болатын. Оқиға орнынан қылмыскерлер қашып кеткен.
Пахалгамдағы террорлық шабуылдан кейін Үндістан Пәкістанға қарсы қатаң шаралар жариялады және Кашмирдегі Пәкістан бақылауындағы аймақтарға соққы жасағанын мәлімдеді. Қазір екі ел арасындағы қақтығыстар жиілеп, құрбандар саны артуда.
Кілтсөздер: Үндістан мен Пәкістан, Трамп, Кашмирдегі қақтығыс, Пахалгамдағы теракт, террорлық шабуыл, Үндістан-Пәкістан шиеленісі.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
