Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Ұлыбританияда Екінші дүниежүзілік соғыстың көшбасшысы Уинстон Черчилльді қорлаған адам үш айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және 1000 фунт стерлинг айыппұл төлеуі тиіс. Бұл шаралар қазіргі уақытта парламентте талқыланып жатқан «Қылмыс және полиция қызметі» заң жобасында қарастырылған. Ішкі істер министрі Иветт Купер Черчилль мүсінін ресми соғыс мемориалдарының қатарына қосуды ұсынды. Бұл бастаманы ел премьер-министрі Кир Стармер де қолдап отыр.
— Сэр Уинстон Черчилль – Ұлыбританияның ең ұлы батырларының бірі. Ол әр премьер-министрге үлгі, – деді ол.
Айта кетейік, қазіргі кезде Ұлыбритания жүздеген мемлекеттік органдарды жабуды жоспарлап отыр.
Кілтсөздер: Ұлыбритания жаңалықтары, Уинстон Черчилль, Екінші дүниежүзілік соғыс, заң жобалары, мемлекеттік органдар, британ премьер-министрі, мемориалдар.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
