Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 9 мамырда Пәкістан армиясының басшысы генерал Асим Мунирмен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы жағдайды диалог пен бейбіт жолмен шешудің маңызын атап өтті. Бұл туралы Мемлекеттік департамент өкілі Тэмми Брюс хабарлады.
Марко Рубио АҚШ-тың Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістің ушығуына жол бермеу үшін келіссөздер жүргізуге көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, Пәкістан сенбі күні таңертең әуе базаларына жасалған зымыран шабуылына жауап ретінде Үндістанға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын жариялады. Ал Үндістан билігі кез келген эскалацияға дайын екенін мәлімдеді.
Кілтсөздер: АҚШ, Пәкістан, Үндістан, әскери операция, келіссөз, шиеленіс, зымыран шабуылы.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
