Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Ресей-Қазақстан медиафорумы БАҚ рөлін талқылады

3 августа, 2026

Қазақстан тамыз-қыркүйекте әскери оқу-жаттығу өткізеді

3 августа, 2026

Ресей мен Қазақстан БАҚ-тары сенімді нығайтуда

3 августа, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Қазақстан парламент сайлауын 50-ден астам байқаушы бақылайды

    3 августа, 2026

    Тәжікстандағы ресейлік база диверсияға қарсы жаттығу өткізді

    3 августа, 2026

    Жалған ақпарат: Қазақстан сайлауына төнген қатер

    3 августа, 2026

    Қырғызстан мен Әзірбайжан одақтастық шартқа қол қойды

    31 июля, 2026

    Қазақстан Wildberries қоймасы туралы өтінішті әлі алмаған

    30 июля, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Швецияның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі тағайындалғанына небәрі бірнеше сағат өткенде отставкаға кетті
Central Asia

Швецияның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі тағайындалғанына небәрі бірнеше сағат өткенде отставкаға кетті

10 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Швецияда ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі бірнеше сағаттан соң отставкаға кетті

Швецияда жаңа ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі болып тағайындалған Тобиас Тюберг небәрі бірнеше сағаттан кейін қызметінен өз еркімен бас тартты. Бұл туралы AZƏRTAC агенттігі хабарлады. Оның мұндай шешім қабылдауына бұқаралық ақпарат құралдарында Grindr танысу платформасында жарияланған интимдік фотоларына қатысты сұрақтар себеп болған. Тюберг қауіпсіздік тексерісі кезінде бұл аккаунты туралы хабарламағанын мойындап, лауазымды атқарудан бастартқан.

Бұл жағдайға байланысты премьер-министр Ульф Кристерссон оқиғаны өте күрделі деп бағалап, тексеріс кезінде маңызды мәліметтерді жасырмау керектігін баса айтты. Үкімет басшысы осындай биік лауазымдарға кандидаттарды мұқият тексеру қажеттігін жеткізді.

Айта кетейік, бұл — биыл ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші орнынан кеткен екінші жағдай. Бұған дейін қаңтар айында кеңесші Хенрик Ландерхольм құпия ақпаратпен жұмыс істеудегі қателіктерге байланысты тергеу жұмыстары басталған соң отставкаға кеткен болатын.

Оппозиция бұл жағдайды қатты сынға алды. Әсіресе, социал-демократиялық партия өкілі Петер Хультквист пен Жасылдар партиясы Швеция үкіметінің репутациясына нұқсан келді деп мәлімдеді. Олар қауіпсіздік пен ұлттық мүддені қорғаудағы мұндай қателіктер Швецияға халықаралық деңгейде сенімсіздік тудыратынын атап өтті. Солшыл партия жетекшісі Нуши Дадгостар да премьер-министр Ульф Кристерссонның таңдауда жауапсыздық танытқанын сынға алды.

Еске сала кетейік, Тюберг — тәуекелі жоғары аймақтарда қызмет атқарған тәжірибелі дипломат. Ол 2017–2019 жылдары Ауғанстанда, кейін Украинада Швеция елшісі болды және соңғы уақытта Швеция СІМ-нің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бөлімін басқарды.

Кілтсөздер: Швеция жаңалықтары, ұлттық қауіпсіздік, Тобиас Тюберг, отставка, үкіметтің беделі, қауіпсіздік мәселелері, оппозиция сыны

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Швеция Әлем жаңалықтары
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleПәкістан Үндістанға қарсы ауқымды әскери операция басталғанын жариялады — БАҚ
Next Article Пәкістан «жауап қайтаруға» уәде берді

Related Posts

Орталық Азияда деректер орталықтары бәсекесі басталды

3 августа, 2026

Қазақстан мұнайы: Еуропа айырмашылықты қорғауы керек

3 августа, 2026

Каспий құбыр консорциумы: тәулігіне 100 мың тонна мұнай

1 августа, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version