Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Уругвайдың экс-президенті Пепе Мухика қайтыс болды
Уругвайдың қазіргі президенті Яманду Орси әлеуметтік желіде бұрынғы мемлекет басшысы, елге кең танымал Пепе Мухиканың қайтыс болғанын хабарлады. Оның айтуынша, Мухика – елге еңбегі сіңген президент, белсенді, көшбасшы әрі халқын шын жүрегімен сүйген тұлға. Орси «Сізді сағынатын боламыз, қадірлі қария. Елге жасаған барлық еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз», – деп жазды.
Пепе Мухика былтырғы президент сайлауында Яманду Орсиді қолдаған еді. Дәл сол уақытта ол өңеш қатерлі ісігіне шалдыққанын жария еткен. 2024 жылдың басында дерт бауырына тарағаны белгілі болды, ал Busqueda басылымына берген сұхбатында емдеуден бас тартқанын айтты. «Неге емделмеймін? Себебі мен кәрімін, екі созылмалы дертім бар. Химиялық ем-дом немесе операцияға денем төтеп бере алмайды», – деді Мухика.
Пепе Мухика әлемде «ең кедей президент» ретінде де белгілі. Ол президент болған кезінде жалақысының 90 пайызын қайырымдылыққа аударып, тек 1987 жылғы Volkswagen Beetle көлігін иеленді. Өз фермасында әйелімен бірге гүл өсіріп, сатып күн көрген.
Кілтсөздер: Пепе Мухика, Уругвай президенті, әлемдегі ең кедей президент, қатерлі ісік, қайырымдылық, Яманду Орси
Фото: inform.kz сайтынан алынды
