Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды
Жаңалықтар

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Жаңа Семей ауданының Шақаман ауылында ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды. Өңір үшін маңызды нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Eurasia Agro Semey» ЖШС құрылтайшылары ағайынды Сайлау, Ерлан Мұқашевтар қатысты.
Ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешен бір ауысымда 35 тонна ет өнімін өңдеуге мүмкіндік береді. Мұнда ірі қара, қой және жылқы етін өңдеу арқылы сапалы шұжық, консервіленген өнімдер, жартылай фабрикаттар мен жоғары санатты ет деликатестері өндіріледі. Бұл өндіріс тері-былғары саласына қажетті шикізатты ұсыну арқылы өңірде толық өндірістік тізбекті, яғни өндірістің экожүйесін қалыптастырады. Сонымен қатар қалдықсыз технологияларды қолдану арқылы экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.
«Eurasia Agro Semey» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын, Австралия және Еуропаның заманауи технологиясымен жабдықталатын ет комбинаты жобасының құны 7,7 млрд теңгені құрайды. Жоба іске асқанда 1000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жоба бойынша 7 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы дайындалған. Қазір 10 мың бас ірі қараға арналған алаң салу үшін жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жоба Абай облысын 2027 жылға дейін дамыту жоспарына енгізіліп, өңірлік және ұлттық деңгейде басымдыққа ие жоба ретінде танылды. Мемлекет басшысы бұл бастаманы 2025 жылдың ақпан айында өткен жұмысшы мамандықтарының көрмесінде жеке атап өтіп, жобаның маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ Президент Әкімшілігі тарапынан тұрақты бақылауға алынып, іске асырылуына қолдау көрсетіліп отыр.
Облыс әкімі мұндай ауқымды инвестициялық жобаның өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында «Агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыру қажет» деп атап өткен болатын. Бұл кешен – тек өндіріс қана емес, мал шаруашылығын жүйелі дамытудың, бордақылау алаңдарын кеңейтудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және елді мекендендердің әлеуетін арттырудың нақты үлгісі. Қазіргі таңда өңірдегі мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар өсірген малын, тері өнімдерін лайықты бағада өткізе алмай жүр. Бұл ауыл еңбеккерлеріне нақты көмек болмақ. Сонымен қатар Абай облысына ғана емес, көрші Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының шаруаларына да үлкен қолдау болады деп ойлаймын. Өндірістік кешенді кезінде шет мемлекеттерге дейін өз өнімін экспорттаған Семей ет комбинатының қайта жаңғыруы, заңды жалғасы деуге болады. Осындай нақты жобаларды іске асырудың нәтижесінде шетелдік және отандық ірі инвесторлардың аймағымызға деген қызығушылығын арттыра аламыз. Мұндай жобалар олардың облыс агроөнеркәсіп кешеніне қомақты қаржы салуына сенімді негіз болады. Бүгінгі рәсім – өндірістік дамуға басқан символдық мәні зор алғашқы қадам. Аталған жобаның халық игілігіне қызмет етіп, өңірдің дамуына серпін беретініне сеніміміз мол» деді аймақ басшысы.
Өндірістік кешенді 2026 жылы тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleТегеран Трамппен ядролық келісімде ураннан бас тартуға дайын
Next Article ChatGPT әлемдегі ең көп қаралатын бесінші сайтқа айналды

Related Posts

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025

Сенат төрағасы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті бірлескен мәлімдеме жасады

2 октября, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.