Pulse Eurasian
Молдова парламенті ТМД-дан шығу туралы шешім қабылдады. Бұған Ресейдің Грузия, Украина және Молдованың өзіне қатысты әрекеттері себеп болған.
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдегі ірі сауда орындарын аралап, тазалыққа сын айтты. Кәсіпкерлерге жағдайды түзетуге 3 ай уақыт берді.
Иран Украинаны АҚШ пен Израильге көмектесті деп айыптап, БҰҰ-ға ресми шағым түсірді. Тегеран мұны агрессияға қатысу деп бағалады.
Пандемиядан бері тоқтап тұрған Бейжің – Пхеньян рейсі қайта ашылды. Бұл – Солтүстік Кореяның бірнеше жылдық оқшауланудан шығуға талпынысы.
Жапония Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа байланысты мұнайды Қазақстаннан тасымалдауды қарастырып жатыр. INPEX компаниясы бұл іске дайын.
Ресейдің Усть-Луга портында қазақстандықтар қатысқан ірі жанжал шықты. Жүздеген жұмысшының жаппай төбелесіне не себеп болғаны белгісіз.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманға қатысты дөрекі сөз айтып, оны өзін бағаламады деп айыптады.
Иран Сауд Арабиясындағы әскери базаға зымыранмен соққы жасады деген ақпарат тарады. Нәтижесінде АҚШ-тың құны 500 млн долларлық ұшағы жойылған.