Иран Сауд Арабиясындағы «Принц Сұлтан» әскери базасына соққы жасап, құны жарты миллиард доллар тұратын америкалық ұшақты жойды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Бұл – әуе кеңістігін алыс қашықтықтан бақылап, нысаналарды анықтайтын AWACS жүйесімен жабдықталған Boeing E-3 Sentry ұшағы. Ол АҚШ Әуе күштерінің ең маңызды әскери-техникасының бірі саналады.
Алдын ала ақпарат бойынша, зымыран ұшақтың ең маңызды әрі осал тұсы – фюзеляж үстінде орналасқан алып радарға дәл тиген.
