АҚШ-тағы Като институтының жаңа зерттеуі иммигранттарға қатысты маңызды деректерді жариялады: олар мемлекеттен алатын көмектен гөрі салыққа әлдеқайда көп қаражат төлейді екен, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың есебінше, заңды және заңсыз иммигранттар мемлекет қазынасына өздеріне жұмсалатын шығыннан әлдеқайда көп пайда әкеледі. Бұл өз кезегінде елдің бюджет тапшылығын жүйелі түрде азайтуға септігін тигізеді.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, иммигранттар 1994 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта АҚШ-тың мемлекеттік қарызын шамамен үштен бірге, яғни 14,5 триллион долларға азайтқан.
Бұл зерттеу иммигранттардың ел экономикасына кері әсер етеді деген пікірге қарсы уәж ретінде ұсынылып отыр.
