Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады. Америкалық индекстер, технологиялық сектордың дамуымен және тарифтер мен экономиканың болашағына қатысты белгісіздікке қарамастан, төртінші күн қатарынан 0,7-1,3% өсім көрсетіп, жұма күнгі сауда-саттықты аяқтады. Нарықтың нығаюы ірі компаниялардың тоқсандық есептері мен АҚШ президенті Дональд Трамптың тариф саясатының жұмсартылуына деген үмітпен байланысты.
Жұма күнгі нарықтың өсуі негізінен ірі технологиялық компаниялардың акцияларына байланысты болды. Илон Масктың автомобиль өндірісіне назар аударуы және Трамп әкімшілігінің жобаларына қатысуды азайтуға байланысты мәлімдемесінен кейін Tesla акциялары 10% қатты көтерілді.
Tesla бұған дейін қараша айында алғаш рет жақсы апталық динамика көрсетті, бұл Ақ үйдің автономды көлік саласындағы реттеуді жеңілдету жоспарымен де қолдау тапты.
Alphabet (Google) акциялары компанияның жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін көрсететін тоқсандық қаржылық есебінің нәтижесінде 1,5% өсті.
Естеріңізге сала кетейік, жақында көлік импортына 25% баж салығы енгізілетіні туралы хабарландырудан кейін Tesla акциялары күрт төмендеген болатын.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
