Абай облысының Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы болып Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов тағайындалды, деп хабарлайды EurasiaPluse.
Жарқын Жұмаділов 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін алған.
Ол ақпараттық саясат, мемлекеттік басқару және қоғамдық байланыс салаларында үлкен тәжірибеге ие.
Еңбек жолын 2008 жылы журналистика саласынан бастаған:
- 2008–2015 жж. – «Қазақ радиосы» редактор-жүргізушісі, «Алаш айнасы» газетінің саяси шолушысы, «Ұлт TIMES» бас редакторының орынбасары, «Қазақстан» РТРК» АҚ-да шеф-редактор;
- 2015–2016 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы, Қоғамдық саясат институтында ақпараттық мониторинг қызметінің жетекшісі;
- 2016–2019 жж. – Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі, аппарат басшысының орынбасары;
- 2019–2020 жж. – «Elorda Aqparat» ЖШС директоры;
- 2021–2023 жж. – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің инспекторы;
- 2023 ж. мамыр–қыркүйек – Абай облысы әкімінің кеңесшісі;
- 2023 ж. қыркүйектен – ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Абай облысының ішкі саясат саласын дамытуда Жарқын Жұмаділовтің тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі маңызды рөл атқарады деп күтілуде.
