Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
Басты тақырып

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

8 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды. Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарына қатысады. Харьковті азат етуге атсалысады. 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін «Халық қаһарманы» атағын беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталды.

Ал 99 жастағы соғыс ардагері Иван Шевцов Польша мен Чехословакиядағы шайқастарға қатысқан. II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.

Аймақ басшысы қос ардагерді мерекемен құттықтап, Президенттің жолдаған құттықтауын оқып берді. Мерейтойлық медаль, 5 миллион теңгенің сертификаты мен облыс әкімдігінің арнайы сыйлығын табыс етті.

«Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың ерлігі мен батырлығының нышанына айналған қастерлі мереке. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы соғыс ардагерлеріне әрдайым ерекше құрметпен қарайды. Сіздердің Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіз бен жанқиярлық ерліктеріңіз ұрпаққа үлгі бола береді. Арамызда аман-есен жүргендеріңіз біз үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе. Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз» деді аймақ басшысы.

Ерекше атап өтерлігі, соғыс ардагерлерінің үйінің ауласында Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің оркестрі соғыс жылдарының әндерін шырқады.

Қазіргі таңда Абай облысында үш соғыс ардагері, 1700-ге жуық тыл еңбеккері бар.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleБішкекте Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр
Next Article Абу-Дабиде Таяу Шығыстағы алғашқы «Диснейленд» пайда болады

Related Posts

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Бүгін Алматыда Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш кездеседі

3 августа, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.