Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Ғаламдық жылыну әйелдер арасында қатерлі ісік жағдайларын көбейтті — зерттеу
Central Asia

Ғаламдық жылыну әйелдер арасында қатерлі ісік жағдайларын көбейтті — зерттеу

28 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы жылыну қатерлі ісік өсіміне әсер етуі мүмкін

Frontiers in Public Health журналында жарияланған жаңа зерттеу Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс өңірлеріндегі климаттың жылынуы әйелдер арасындағы қатерлі ісік ауруларының жиілігіне әсер етуі мүмкін екенін көрсетті. Мысыр ғалымдары 1998–2019 жылдар аралығында осы аймақтың 17 елінде сүт безі, жатыр мойны, жатыр және аналық без қатерлі ісігінің таралуы мен өлім-жітім деңгейін талдады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, температура әрбір градусқа көтерілген сайын қатерлі ісіктің төрт түрі ішінде ауруға шалдығу деңгейі 100 мың адамға шаққанда 173-тен 280 жағдайға дейін артқан. Әсіресе, аналық без қатерлі ісігі өзге түрлерге қарағанда көбірек өскен. Өлім-жітім де температураның көтерілуімен бірге 171-ден 332 жағдайға дейін ұлғайған. Ғалымдардың пайымдауынша, климаттың жылынуы ауаның ластануына, таза ауыз судың азаюына және азық-түлік жетіспеушілігіне әкеледі. Бұл өз кезегінде қатерлі ісік және жалпы халық денсаулығына теріс ықпал етуі мүмкін.

Алайда, бұл көрініс барлық елдерге ортақ емес. Зерттелген 17 елдің ішінен қатерлі ісік пен одан өлім-жітімнің айтарлықтай өсуі тек 6 елде (Қатар, Бахрейн, Иордания, Сауд Арабиясы, БАӘ және Сирия) байқалған. Мысалы, Қатарда температураның әрбір градусқа көтерілуі сүт безі қатерлі ісігінің 100 мың тұрғынға шаққанда 560 жағдайға өсуімен көрінсе, Бахрейнде бұл көрсеткіш 330 жағдайды құраған.

Кейбір елдерде, мысалы, Кувейт, Иран, Алжир, Мысырда тұрғындар саны көп болғанымен, қатерлі ісік пен өлім-жітім деңгейі айтарлықтай өзгермеген. Бұл жаһандық жылынудың қатерлі ісік өсіміне неге барлық елдерде бірдей әсер етпегеніне сұрақ туғызады.

Сондай-ақ, зерттеу нәтижесінде бала санының қатерлі ісік жиілігіне әсері анықталды. Көпбалалы әйелдер қатерлі ісікке екі есе аз шалдығатыны анықталған. Ал, қатерлі ісік өршіген алты елде туу көрсеткіші күрт төмендеген.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық онколог қатерлі ісіктің нақты себебін анықтау мүмкін емес екенін мәлімдеген еді.

Кілтсөздер: Қатерлі ісік, климаттың жылынуы, онкология, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, аналық без, сүт безі, жатыр ісігі.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Денсаулық Медицина онкология Қатерлі ісік Әлем жаңалықтары
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЕуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары
Next Article Сауд Арабиясы қажылық ережелерін бұзғандарға қатаң айыппұлдар енгізді

Related Posts

Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

28 июля, 2025

Әзірбайжанда Ресей азаматтарының тағы бір тобы ұсталды

2 июля, 2025

Әзербайжан мұнай қоры БАӘ газ инфрақұрылымына 50 млн доллар инвестициялады

30 мая, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.