Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Amazon-ның ребрендингі: жаңа корпоративтік стиль және жаңарған визуалды белгі
Amazon компаниясы өзінің корпоративтік стилін жаңартып, ребрендинг жұмыстарын Koto International Studio мамандарымен және өз командасымен бірлесе жүргізді. Бұл өзгерістердің басты мақсаты — Amazon-ның визуалды бірегейлігін күшейтіп, оны әлем бойынша жұмыс істейтін 50-ден астам қосалқы брендтеріне сәйкестендіру.
Жаңа ребрендингтің басты көрінісі — Amazon электронды коммерция алыбын көпшілікке танымал еткен “күлімсіреу” символының сақталуы. Енді негізгі визуалды екпін дәл осы «күлімсіреуге» түсірілген, бұрынғы дизайнда басты назарда болған стрелка екінші орынға ысырылды. Koto Studio сарапшыларының айтуынша, бұл шешім Amazon-ның клиенттерге қуаныш сыйлап, олардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталғанын білдіреді.
Визуалды өзгерістер аясында жаңа корпоративтік шрифт — Amazon Logo Sans енгізілді. Ол Amazon Smile, Amazon Cash, Amazon Echo және Amazon Jobs қызметтерінде қолданылады. Сонымен қатар, бұрын Kindle брендімен байланысты болған Ember шрифтіне де жаңарту енгізілген.
Amazon брендін жаңарту барысында ашық әрі ерекше түстер, бірыңғай иконкалар пайда болды. Бұл өзгерістер бұрыннан белгілі Prime, Amazon Grocery, Alexa және Amazon One Medical сынды қызметтерге ерекше назар салуға мүмкіндік береді.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл жаңа дизайн Amazon-ның нарықта өсуін, дамуын және келешектегі мақсаттарын көрсетеді, сонымен қатар тұтынушыларға үйреншікті визуалды стильін сақтаған. Айта кетейік, бұл жаңартулар алдағы уақытта Amazon іске қоспақ жаңа қызметтер мен мүмкіндіктерге дайындық ретінде енгізіліп отыр.
Естеріңізге саламыз, бұған дейін Джефф Безос Amazon акцияларының бір бөлігін — шамамен 5 миллиард долларға сатуды жоспарлап отырғаны хабарланған.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
