Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

20 октября, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Армения Ресейге наразылық нотасын жолдады: «Ішкі істерімізге өрескел араласты»
Жаңалықтар

Армения Ресейге наразылық нотасын жолдады: «Ішкі істерімізге өрескел араласты»

5 июля, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ереван Мәскеуге ресми наразылық нотасын жолдады. Армения Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапынан елдің ішкі істеріне өрескел араласу байқалғанын айтып, бұл әрекетке қарсылық білдірді, деп хабарлайды Eurasiapluse.kz Armenpress агенттігіне сілтеме жасап.

Армения СІМ ресми өкілі Ани Бадалянның мәлімдеуінше, нота Ресей елшісіне тапсырылған. Онда ресейлік мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында және кейбір ресми тұлғалар тарапынан Армения билігіне қарсы айтылған пікірлерге наразылық білдірілген.

«Ресейдің мемлекеттік телеарналарындағы үкіметімізге қарсы ашық, кейде жаулық сипаттағы насихат армян қоғамында теріс реакция туғызып отыр», – делінген мәлімдемеде.

Армян СІМ қоғамда кең талқыланып жатқан бұл тақырыпты жасырмай, оның мазмұнын ел азаматтарына ашық жеткізуді жөн көрген.

Нота мәтінінде Ресей депутаттары мен сарапшыларының Арменияда мемлекеттік төңкерістің алдын алуға бағытталған құқық қорғау органдарының заңды әрекеттерін сынға алуы түсініксіз әрі ашу-ыза тудыратыны айтылған. Армения премьері Никол Пашинянның бұл әрекеті «Ресейге қарсы тағы бір қадам» ретінде сипатталуы абсурд және ішкі істерге араласу деп бағаланды.

«Мұндай ақпараттық саясат елдегі демократия, заңдылық пен конституциялық құрылымды әлсіретуге бағытталғандай әсер қалдырады», – делінген сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесінде.

Сондай-ақ Армения тарапы Ресейден мұндай әрекеттерді тоқтатуға тез әрі тиімді шаралар қабылдауды талап етті.

Еске салайық, 25 маусым күні Арменияда билікті күшпен басып алуды жоспарлаған адамдар тобы ұсталған болатын. Олардың арасында ресейлік миллиардер Самвел Карапетян да бар. Ол Арменияның электр желілерін басқаратын компанияға иелік етеді. Бұл оқиға Ресей қоғамында резонанс туғызып, Армения СІМ басшысы Арарат Мирзоян Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа елдің ішкі істеріне араласпау жөнінде өтініш білдірді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЖезқазғанда жүздеген миллион бөлінген Жастар саябағы қаңырап тұр
Next Article Қазақстанда несие беруге шектеулер енгізіледі

Related Posts

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

2 октября, 2025

Қазақстанға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келе жатыр

2 октября, 2025

Сенат төрағасы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті бірлескен мәлімдеме жасады

2 октября, 2025
Іздеу
Рубрики
  • Central Asia (481)
  • Басты тақырып (51)
  • Жаңалықтар (1 334)
  • Саясат (15)
  • Әлем (5)
Top Posts

Subscribe to Updates

Get the latest sports news from SportsSite about soccer, football and tennis.

Advertisement
Demo

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Top Insights
Get Informed

Subscribe to Updates

Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

© 2025 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.