Ұлыбритания санкцияларға қарамастан, ресейлік «Транснефть» компаниясына Қазақстан мұнайын тасымалдауға рұқсат берді, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Тиісті лицензияны Ұлыбританияның өзі беріп отыр. Бұл құжат ресейлік компанияға қазақстандық мұнайға қатысты кез келген операцияны, соның ішінде тасымалдау мен төлем жасауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан мұнайының басым бөлігі Ресей аумағы арқылы, атап айтқанда «Дружба» мұнай құбыры мен Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы тасымалданады. Берілген лицензия 2028 жылдың 18 наурызына дейін жарамды.
Дегенмен, бұл шешім «Транснефть» компаниясына салынған негізгі санкциялардың күшін жоймайды. Жеңілдік тек қазақстандық мұнайға қатысты жасалып отыр.
