Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Wildberries Қазақстанда 260 мың шаршы метр қойма салуда

4 августа, 2026

Wildberries Қазақстанда 260 мың шаршы метр қойма салады

4 августа, 2026

Ресей-Қазақстан медиафорумы БАҚ рөлін талқылады

3 августа, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Wildberries Қазақстанда 260 мың шаршы метр қойма салуда

    4 августа, 2026

    Wildberries Қазақстанда 260 мың шаршы метр қойма салады

    4 августа, 2026

    Қазақстан парламент сайлауын 50-ден астам байқаушы бақылайды

    3 августа, 2026

    Тәжікстандағы ресейлік база диверсияға қарсы жаттығу өткізді

    3 августа, 2026

    Жалған ақпарат: Қазақстан сайлауына төнген қатер

    3 августа, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Қазақстан мен Өзбекстанның әдебиет саласындағы байланысы нығайып келеді
Басты тақырып

Қазақстан мен Өзбекстанның әдебиет саласындағы байланысы нығайып келеді

14 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Тұсаукесер салтанаты Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің ғимаратында өтті. Оған Өзбекстандағы қазақ қаламгерлері, студенттер мен жергілікті қазақтар қатысты.

Қазақстан мен Өзбекстанның әдебиет саласындағы байланысы нығайып келеді
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

«Алтын бесік» кітабы қазақ-өзбек тілдерінде жарық көріп отыр. Түпнұсқаның авторы Төлеужан Ғұмаров болса, туындыны өзбек тіліне Робия Дустанова аударған.

— «Алтын бесік» — менің төртінші кітабым. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын шығатын туындылар сериясы бар. Соның негізінде менің де еңбегім жарық көрді. «Алтын бесік» кітабы балабақша, мектеп балаларына арналған танымдық оқулық. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қазақ-өзбек қарым-қатынасын, оның ішінде әдеби байланыстарды нығайту бастамасы бар. Тиісінше, кітапты өзбек тіліне аудару аталған жоба аясында қолға алынды. Осы ретте аудармашы Робия Дустановаға алғыс білдіремін, — деді кітап авторы Төлеужан Ғұмаров.

Қазақстан мен Өзбекстанның әдебиет саласындағы байланысы нығайып келеді
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

1000 тиражбен басылып шыққан кітапта қазақтың салт-дәстүрі, ырымдары мен тыйым сөздері қамтылған. Еңбек баланың санасына қонымды тілмен, яғни тез жатталатын қысқа өлең шумақтарымен жазылған.

— Биыл жарық көрген «Алтын бесік» туындысын қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін поэзия тілімен таныстыратын тәрбиелік мәні жоғары жыр жинақ ретінде бағалауға болады. Жинақтағы өлеңдер бала тіліне жатық әрі көркем стильде жазылған. Ондағы өлеңдер арқылы жас ұрпақ ата-баба жолын танып, ұлттық тәрбие мен білімге бет алады. Мұндай еңбектерді жарыққа шығару – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени, әдеби байланыстарының нығайып келе жатқанын айғақтайды, — деп тоқталды Өзбекстан Жазушылар одағына қарасты Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Тұрсынәлі Ахметов.

Еске салайық, былтыр Өзбекстандағы қазақ қаламгерлерінің 20-ға жуық кітабы жарыққа шықты. Оның ішінде Абдулла Рүстемовтің «Қайран дүние», Сапарбек Иманбековтің «Достарымыз жырлайды», Жарасқан Мырзамұратовтың «Ақиқаттың дәмі ащы» және Лола Жүнісқызының «Қарасу жырлары» атты еңбектері бар.

Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан мәдени байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін жазып едік.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Мәдениет Әдебиет Өзбекстан
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді
Next Article Путин Ресейдің ірі миллиардерлерін мәдени мекемелерді қаржыландыруға шақырды

Related Posts

Wildberries Қазақстанда 260 мың шаршы метр қойма салуда

4 августа, 2026

Wildberries Қазақстанда 260 мың шаршы метр қойма салады

4 августа, 2026

Ресей-Қазақстан медиафорумы БАҚ рөлін талқылады

3 августа, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version