Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Трамп Вашингтондағы Триумфальды арканы әскери мақсатта қолданбақ

20 сентября, 2026

 «Сырттан жау» іздеу: BBC зерттеуінің қазақстандық көрінісі бар ма?

10 сентября, 2026

Гонконг Қазақстанның озық өндірісіне серпін бере алады

8 сентября, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Си Цзиньпиннің дипломатиялық белсенділігі Трамппен кездесу қарсаңын…

    7 сентября, 2026

    Қырғызстан-Пәкістан саудасы: 12 есе өсу шынайы ма?

    7 сентября, 2026

    Бішкектегі АҚШ делегациясы бизнесті бірінші орынға қойды

    3 сентября, 2026

    Санья Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен бауырлас қала байланысын…

    3 сентября, 2026

    Қырғызстан ШЫҰ саммитін өткізіп, жаһандық державалармен теңгерім са…

    3 сентября, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Қазақстанда несие беруге шектеулер енгізіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда несие беруге шектеулер енгізіледі

5 июля, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанда онлайн-кредиттермен байланысты алаяқтықтың алдын алу мақсатында кредит беру талаптары күшейтіледі. Тиісті қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) «Ашық НҚА» порталында жариялады.

Жаңа ережелер банктер мен микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) қарыз алушыларды қорғауға бағытталған бірнеше шектеу енгізуді көздейді.

🔹 Онлайн-кредитке 24 сағаттық кідіріс

150 АЕК-тен жоғары (2025 жылы бұл — 589 800 теңге) онлайн-кредиттер бойынша ақша договорға қол қойылғаннан кейін кемінде 24 сағаттан соң ғана аударылады. Сонымен қатар, қарыз алушы кредитті растауы керек — мысалы, eGov порталы арқылы. Бұл азаматтарға асығыс шешімнен бас тартуға мүмкіндік беру үшін енгізілуде.

🔹 Бір күнде бірнеше кредит алуға шектеу

Егер азамат бір күнде бірнеше микрокредит алып, олардың жалпы сомасы 150 АЕК-тен асса, келесі қарызды беру тоқтатылады. Бұл қарыз алушыларды «кредиттік тұзаққа» түспеу үшін жасалған.

🔹 Алғашқы ірі қарызды — тек жеке келіп рәсімдеу

Егер адам алғаш рет 150 АЕК-тен жоғары сомаға қарыз алса, ол банк немесе МҚҰ бөлімшесіне жеке өзі келуі тиіс. Бұл — шешімнің саналы түрде қабылданғанын растау үшін қажет.

🔹 Жас ерекшелігіне қарай қосымша растау

Егер қарыз алушының жасы 21-ден кіші немесе 55-тен үлкен болса, 150 АЕК-тен жоғары қарызды рәсімдеу үшін оның қосымша келісімі талап етіледі. Бұл — жасөспірімдер мен зейнет жасына жақын азаматтарды қаржылық тәуекелдерден қорғау үшін енгізілмек.

🔹 Банк омбудсмені — мемлекеттік тілді білуі тиіс

Енді банк немесе МҚҰ омбудсмені (қарыз алушылар мен ұйымдар арасындағы дауларды шешетін тұлға) лауазымына үміткерлер мемлекеттік тілді кем дегенде B2 деңгейінде (KAZTEST анықтамасы бойынша) меңгергенін дәлелдеуі қажет.


Жаңа нормалар несие рәсімдеу кезіндегі жауапкершілікті арттыруға және қаржылық алаяқтықтың алдын алуға бағытталған.

🔔 Қаулы жобасы 18 шілдеге дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleАрмения Ресейге наразылық нотасын жолдады: «Ішкі істерімізге өрескел араласты»
Next Article Азаптау ісі: Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды

Related Posts

Трамп Вашингтондағы Триумфальды арканы әскери мақсатта қолданбақ

20 сентября, 2026

 «Сырттан жау» іздеу: BBC зерттеуінің қазақстандық көрінісі бар ма?

10 сентября, 2026

Гонконг Қазақстанның озық өндірісіне серпін бере алады

8 сентября, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version