2025 жылғы 3 тамызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш арасында ресми келіссөздер өтеді.
🔹 Бұған дейін Ақорда екіжақты кездесу өтетінін хабарлаған болатын.
🔹 Келіссөздер барысында орталықазиялық өңірдегі тұрақтылық, даму және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.
🔹 Кездесуден кейін қос тарап БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Орталық Азия және Ауғанстан бойынша өңірлік орталығына бірлесіп барады.
📍 Бұл — БҰҰ Бас хатшысының Қазақстанға жасаған кезекті ресми сапары.