Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
БАӘ-де ауа температурасы 51,6 градусқа дейін көтерілді: рекордтық аптап ыстық
Біріккен Араб Әмірліктерінің шығысындағы Свейхан аймағында ауа температурасы 51,6 градус Цельсийге жетіп, рекордтық аптап ыстық тіркелді. Бір күн бұрын Абу-Дабиде де 50,4 градусқа дейін көтеріліп, мамыр айындағы ең жоғарғы көрсеткіш болды. Бұл туралы БАӘ Ұлттық метеорологиялық орталығы хабарлады.
Метеорологтардың мәліметінше, Свейханда ең жоғары температура жергілікті уақыт бойынша 13:45-те байқалған. Бұл – 2010 жылы Әл-Ясат аралында тіркелген тарихи максимумнан небәрі 0,4 градусқа төмен көрсеткіш.
Биыл аймақта ыстық ерте басталды. Сәуірде орташа максималды температура 42,6 градусқа жетіп, тағы бір рекорд жаңартылды. Мұндай аптап ауа райы кезінде билік халыққа аса сақ болуға кеңес беріп, күннің ыстығында далада ұзақ болудан бас тартуға шақыруда.
Айта кетейік, жуырда Абу-Даби қаласында араб тілінде жасалған жаңа Falcon Arabic жасанды интеллекті таныстырылды.
Кілтсөздер: БАӘ, аптап ыстық, ауа температурасы, Абу-Даби, Свейхан, метеорологиялық орталық, рекорд, денсаулыққа ескерту, Біріккен Араб Әмірліктері.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
