Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Қырғызстан ЕО-ның авиациялық қауіпсіздік тізімінен шығарылды

8 июня, 2026

Өзбекстанның тұңғыш «Юникорны» UZUM жаһандық чемпион бола ала ма?

8 июня, 2026

Гонконг-Өзбекстан: «хабтан-хабқа» ынтымақтастық кеңейеді

8 июня, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Қазақстанның қаржы амбициялары: Гонконгпен ынтымақтастық

    8 июня, 2026

    Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

    7 июня, 2026

    Өзбекстандық компаниялар үшін Гонконг жаһандық кеңеюге «идеалды пла…

    5 июня, 2026

    Орталық Азия: Су дипломатиясы мен мегажобалардың өзгеруі

    5 июня, 2026

    Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне өтуі: Филиппиннің жеңілісі

    5 июня, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Берік Уәли Абайдың 180 жылдығына байланысты іс-шараларды облыстың зиялы қауым өкілдерімен ақылдасты
Жаңалықтар

Берік Уәли Абайдың 180 жылдығына байланысты іс-шараларды облыстың зиялы қауым өкілдерімен ақылдасты

9 июля, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Атап айтқанда, бұған дейін Абайдың бірнеше мерейтойларын ұйымдастыруға атсалысқан сол кездегі тәжірибелі мамандар, қазіргі аймақ ақсақалдарымен арнайы кеңес өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жүздесудің басты мақсаты – елдік маңызы бар тойды халықтың өзімен кеңесе отырып өткізу, алдыңғы буынның ақыл-кеңесіне жүгіну.

Кездесуді ашқан аймақ басшысы алдымен бұл мерейтойдың тек бір өңірдің емес, тұтас елдің рухани мерейлі межесі екенін айтты.

«Абай – біздің ұлттық идеямыздың, бірлігіміз бен болмысымыздың символы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абайдың 180 жылдығын лайықты атап өтуіміз керек» деген болатын. Облысымыз құрылғаннан бері алғаш рет ұлы Абайдың мерейтойын кең көлемде атап өтуге мүмкіндік туып отыр. Бұл – тарихи жауапкершілік. Осы жауапты кезеңде Сіздермен арнайы ақылдасқымыз келіп отыр. Себебі, осыған дейін өткен Абайдың мерейтойларын өздеріңіздей аға буын абыроймен ұйымдастырды. Ол тәжірибелеріңіз бізге аса қажет», — деді облыс әкімі.

Жиында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан, Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов, Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев мерейтойға арналған онкүндіктің бағдарламасымен таныстырды. 1 тамыз бен 10 тамыз аралығында Абайдың 180 жылдығына орай 30-дан астам ауқымды іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Мерекелік іс-шаралар Семей қаласы, Абай ауданы және өңірдің өзге де аудандарында өтеді.

Мерейтой бағдарламасымен танысқан зиялы қауым өкілдері Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының мазмұнды екенін атап өтті.

«Бағдарламаны толығымен қолдаймыз. Барлығы пысықталған, мұқият талқыланған. Осы бағдарламаның 100 пайыз, толық орындалғанын қалаймыз», — деді абайтанушы ғалым Арап Еспенбетов.

«Абайдың 180 жылдық мерейтойының халқымыз үшін, Абай облысының тұрғындары үшін мәні зор. Бүгін таныстырылған бағдарлама, іс-шаралар жоспарының тағылымды тұстарының мол екенін байқадық. Мерейтойдың жоғары деңгейде өтуіне тілектеспіз», – деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Әлин.

Жиында зиялы қауым өкілдері Абайдың 180 жылдығына байланысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі жиында айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы ескертілетінін айтты. Мерейтойға арналған онкүндіктің бағдарламасы алдағы аптада баспасөз мәслихаты арқылы толық жарияланатын болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЕкібастұзда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі төрт күннен кейін табылды
Next Article Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншы ауданына барды

Related Posts

Қырғызстан ЕО-ның авиациялық қауіпсіздік тізімінен шығарылды

8 июня, 2026

Өзбекстанның тұңғыш «Юникорны» UZUM жаһандық чемпион бола ала ма?

8 июня, 2026

Гонконг-Өзбекстан: «хабтан-хабқа» ынтымақтастық кеңейеді

8 июня, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version