Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Өзбекстанда көгілдір отын мен электр энергиясын заңсыз пайдалану салдарынан мемлекетке миллиардтаған шығын келді
Өзбекстанда газ бен электр энергиясын заңсыз пайдалану оқиғалары көбейіп отыр. Ресми мәлімет бойынша, соңғы аралықта 1,8 миллион текше метр көгілдір отын заңсыз қолданылып, мемлекетке 5,45 млрд сум (шамамен 420 мың доллар) шығын келтірілген. Сондай-ақ, электр энергиясы жүйесіне рұқсатсыз қосылған тұрғындар мемлекетке 32,45 млрд сум (шамамен 2,5 миллион доллар) залал әкелген.
Энергетика саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 126 әкімшілік хаттама толтырылып, барлық іс материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.
Айта кетейік, былтыр Өзбекстанда газ бен электр энергиясын заңсыз тұтыну салдарынан мемлекетке 108 миллион доллар шығын келген болатын. Ал биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында өзбекстандықтар шамамен 25 миллион доллардың газын заңсыз пайдаланғаны анықталды.
Сонымен бірге, биыл Өзбекстанда электр жүйесіне рұқсатсыз қосылған майнинг фермалары 138 мың доллар көлемінде шығын келтіргені тіркелді.
Энергетика саласын дамыту үшін Өзбекстан осы жылы 15 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Кілтсөздер: заңсыз газ пайдалану, заңсыз электр энергиясы, Өзбекстан энергетикасы, мемлекет шығыны, майнинг фермалар, газ өндіру, әкімшілік хаттама.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
