Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Жеңіс алаңындағы митинг-реквиемге қатысты
Қырғыз Республикасының Президенті әрі Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Садыр Жапаров Бішкектегі Жеңіс алаңында өткен митинг-реквиемге қатысты. Мемлекет басшысы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Қазіргі уақытта Бішкек гарнизонының әскери парады өтуде.
Айта кетейік, кеше Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды. Kazinform агенттігі елімізде өткен Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың толық фоторепортажын ұсынады.
Кілтсөздер: Жеңіс күнінің 80 жылдығы, әскери парад, Садыр Жапаров, Қасым-Жомарт Тоқаев, Бішкек, Астана, Мәңгілік алау, Екінші дүниежүзілік соғыс, Қарулы Күштер.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
