Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Чехияда төтенше жағдайлар туралы ескерту жүйесі жаңартылуда
Чехия үкіметі төтенше жағдайлар кезінде халыққа жедел ескерту жасайтын заманауи Cell Broadcast жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жүйе төтенше оқиға немесе табиғи апат кезінде мобильді құрылғылар арқылы шұғыл ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
Жобаға жалпы көлемі 4 миллион еуро бөлінеді. Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларына бұл жүйені енгізуге 5,4 миллион еуро (ҚҚС-пен қоса) салу міндеттелген. Cell Broadcast жүйесін жыл сайын пайдалану шығыны шамамен 2 миллион еуроны құрайды, деп хабарлайды Чехияның ұлттық ақпарат агенттігі ČTK.
Үкімет мұндай жүйенің қажеттігін 2023 жылдың 21 желтоқсанында Прага қаласындағы Карл университетінде болған қайғылы оқиғадан кейін көтерді. Философия факультетіндегі атыс салдарынан 14 студент пен ұстаз қаза тапты. Бұл оқиға Чехия тарихындағы ең ірі қанды қырғын болды.
Сонымен қатар, өткен жылғы су тасқыны сияқты оқыс оқиғаларда қазір қолданылып жүрген ескі жүйенің тиімсіздігі байқалды – ескерту хабарламалары тұрғындарға уақытынан кеш жетті.
Жаңа Cell Broadcast жүйесі апат және табиғи жағдайлар кезінде маңызды ақпаратты халыққа нақты уақыт режимінде жеткізуге мүмкіндік береді. Чехияда биыл 3-4 қазанда парламенттік сайлау өтетіні де хабарланған еді.
Кілтсөздер: Cell Broadcast, төтенше жағдай, Чехия, мобильді ескерту жүйесі, төтенше оқиғалар, парламенттік сайлау.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
