Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Трампқа арналған ұшақ: Катар мен АҚШ арасындағы келіссөздер
Катар мен АҚШ арасында президенттік ұшақты уақытша пайдалану туралы келіссөздер жүріп жатыр. Катар тарапы ұшақты сыйлық ретінде беретінін жоққа шығарды. Бұл ақпарат Дональд Трамптың Катарға сапары қарсаңында тарады.
Катардың АҚШ-тағы өкілі Әли Әл-Ансари Қатар Қорғаныс министрлігі мен Пентагон арасында келіссөздер жүріп жатқанын растады. «Бұл мәселе тиісті заң қызметтерінің қарауында, шешім әлі қабылданған жоқ», — деді ол.
CBS News дерегінше, Boeing 747-8 ұшағы Трамптың президенттік кітапханасына оның президенттік мерзімі соңында берілуі мүмкін. Алайда ұшақты бірден пайдалануға болмайды – оны қайта жабдықтап, қауіпсіздік жүйелерімен толықтыру керек.
Мұндай құнды ұшақтың (құны 400 млн доллардан асуы мүмкін) берілуі заңдық және этикалық да сұрақтар туғызады. АҚШ Ақ үйінің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт шетелдік сыйлықтардың барлығы заңға сай қабылданатынын және толық ашықтыққа мән берілетінін атап өтті.
Қазір АҚШ президенті арнайы жабдықталған екі Boeing 747-200B, Air Force One ұшақтарын пайдаланып отыр. Олар 1990 жылдардан бері жұмыс істейді. Жаңа Boeing 747-8 ұшағы модернизациядан кейін «ұшатын сарайға» айналмақ.
Boeing пен Ақ үй арасында жаңа ұшақтар жеткізу туралы келісім бар, бірақ өндіруші ұшақты уақытында тапсырмай отырғаны үшін Дональд Трамп алаңдаушылық білдірді. Жаңа ұшақтарды 2027-2028 жылдары ғана алу жоспарланған.
Айта кетсек, Катар 2018 жылы Түркияға да ұшақ сыйлаған. Әлеуметтік желіде және баспасөзде Демократтар Трампты ұшақты сыйлық ретінде қабылдағаны үшін сынға алды.
Кілтсөздер: Трамп, Катар ұшағы, президенттік ұшақ, Boeing 747-8, АҚШ, Air Force One, сыйлық, келіссөз, Ақ үй, заң талаптары.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
