Абай облысында EcoForest ағаш өңдеу паркінің құрылысы басталды
Бүгін Семей қаласында «EcoForest» толық циклді экологиялық ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің іргетасы қаланды. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли және Xinjiang Chunzheng Aosi Trading Co., Ltd. бас директоры Чжан Ликай қатысты.
- Жалпы инвестиция көлемі: 67 миллион АҚШ доллары.
- Семейде 50 гектар, Бородулиха ауданында 4 гектар аумақта құрылыс жүргізіледі.
- Жылына 2 миллион текше метр ағаш шикізаты өңделіп, 800–900 мың текше метр дайын өнім шығарылады.
- Толық қуатына шыққанда 900-ге дейін тұрақты жұмыс орны ашылады.
Өндіріс көлемі мен экспорт
Жоба аясында заманауи автоматтандырылған өндіріс іске қосылып, ағаш шикізаты қалдықсыз терең өңделеді. Өнімдер Қазақстан нарығымен қатар Орталық Азия, Еуропа, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да халықаралық нарықтарға экспортталады. Өндірісте OSB, FOSB панельдері, MDF, жиһаз дайындамалары, ағаш пеллеттері, биоотын және органикалық тыңайтқыштар шығарылады.
Дереккөз: Абай облысының әкімдігі
