Экс-депутат Президенттен қорған сұрады, деп хабарлайды EurasiaPluse порталы @gosrating телеграм арнасына сілтеме жасап.
Фото: kursiv.media
Экс-депутат Ынташ Наурызова Қазақстан Республикасының Президентіне үндеу жолдап, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбайдан өзін қорғауды сұрады. Экс-депутаттың айтуынша, ол екеуінің ортақ баласы бар, алайда соған қарамастан, оған қатысты полицияға арызды әкімнің аппарат жетекшісі Малик Абдықадыров түсірген. Бұл іс бойынша Наурызова бірнеше рет полицияға шақырылғанын да хабарлап отыр.
