Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Францияның солтүстігінде орналасқан Гвианада жаңа түрме салынады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Жералд Дарманен мәлімдеді. Оның айтуынша, Сен-Лоран-дю-Марони коммунасындағы заманауи түзету мекемесі 2028 жылдан бастап алғашқы тұтқындарды қабылдамақ. Жобаның жалпы құны – 400 миллион фунт.
Министрдің айтуынша, түрме құрылысының басты мақсаты – ұйымдасқан қылмыс пен есірткі саудасының жолын кесу. Өйткені дәл осы аймақ Францияға есірткінің негізгі тасымал бағытына айналған. 500 орындық түрме ең жоғары қауіпсіздікпен қамтамасыз етіледі, 50 бақылау камерасы орнатылады. Мұнда ерекше қауіпті қылмыскерлер оқшауланбақ.
Түрмеде тұрақты тексеріс пен электронды бақылау жүйелері енгізіледі, сотталғандардың далаға шығуға мүмкіндігі шектеледі. Француз Гвианасы қылмыс деңгейінің жоғарылығымен белгілі. 2024 жылы бұл аймақта адам өлтіру деректері 100 мың тұрғынға шаққанда 20,6 жағдайға жеткен. Ал Францияның өзінде бұл көрсеткіш – 1,5.
Айта кетейік, Франция Украинаға қару жеткізуді арттырмайтынын бұрын мәлімдеген еді.
Кілт сөздер: Франция, Гвиана, түрме, қылмыс деңгейі, есірткі саудасы, қауіпсіздік, Жералд Дарманен.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
