Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Германияда жоғалған мысықты іздеуге 22 мың доллар жұмсалды
2024 жылдың шілдесінде Германияда Нерон атты мысық жоғалып кетті. Мысықтың иелері Рафал мен Моника жазғы демалыстарын жоспарлап жүрген кезде сүйікті үй жануары көлік қорабынан секіріп қашып кеткен. "Менің демалысымды әйеліммен бірге Кимгауда өткізгім келді. Ол оңалту орталығында болды. Біз Эрлангендегі қонақүйге тоқтадық. Сол кезде Нерон қашып кетті", – дейді Рафал.
Мысықты табу үшін ерлі-зайыптылар барлық мүмкіндікті қарастырған: әр демалыста 450 шақырым жүріп, мысықтың суреті бар хабарландырулар іліп, Нерон жақсы көретін тунец балығын сатып алған. Осы мақсатқа олар бензин, қонақүй, арнайы камералар мен тамаққа барлығы 22 мың доллар жұмсаған.
Жоғалған мысық әлі табылған жоқ, алайда Рафал мен Моника үміттерін үзбейді. Нерон микрочиптелген, сондықтан қай жерде жүргенін еріктілер немесе қамқор азаматтардың көмегімен анықтау мүмкіндігі бар.
"Ол мен үшін өте маңызды. Нерон – біздің отбасымыздың мүшесі. Жақыныңды тастауға болмайды. Әлі де оның тірі екеніне сенемін және іздеуді тоқтатпаймын", – дейді Рафал.
Айта кетейік, Германияда күн энергиясы негізгі электр энергия көзіне айналды.
Кілтсөздер: Германияда жоғалған мысық, мысықты іздеуге жұмсалған ақша, үй жануарлары, микрочиптелген мысық, Германия жаңалықтары
Фото: inform.kz сайтынан алынды
