Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Ирак су тапшылығының жаңа антирекордын тіркеді
Иракта су тапшылығы күрт ушығып отыр. Lianhe Zaobao басылымының мәліметінше, елдің Су ресурстары министрлігінің өкілі Халед Шаммар 25 мамырда биылғы су қоймаларында кемінде 18 миллиард текше метр су болуы керек екенін айтқан. Алайда қазір қоймаларда бар болғаны 10 миллиард текше метр ғана су жиналған. Бұл – соңғы 80 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Өткен жылы Ирактың су қоры екі есе көп болған.
Ирактың негізгі су көзі – Тигр мен Ефрат өзендері. Соңғы жылдары екі өзеннің де ағыны айтарлықтай азайып кеткен. Шаммардың сөзінше, ел бұрынғыдай өзіне тиесілі судың тек 40 пайызын ғана пайдаланып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, Ирактағы су тапшылығы жауын-шашынның аздығымен қатар, Түркия мен Иранда салынған бөгеттердің әсеріне байланысты. Бұл су тапшылығын ушықтырып жіберген. БҰҰ Иракты климат өзгерісінің кесірінен ең көп зардап шегуі мүмкін бес елдің қатарына қосып отыр.
Су тапшылығы ауыл шаруашылығына да ауыр соққы болды. Мыңдаған фермер егістік жерін тастап кетуге мәжбүр. Мемлекет егістік көлемін азайтып, негізгі суды ауызсу ретінде пайдалануға көшті. Биыл 375 мың гектар жерді жасыл желек пен бау-бақша ретінде сақтап қалу жоспарланған. Былтыр бұл көрсеткіш 250 мың гектар болған еді, онда астық, жүгері, күріш пен басқа дақылдар егілген-ді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Өзбекстанға алғаш рет жасанды жаңбыр жауғызатын құрылғы жеткізілгені хабарланған болатын.
Кілтсөздер: су тапшылығы, Ирак, климаттың өзгеруі, су ресурстары, су қоймалары, Тигр мен Ефрат, бөгеттер, ауыл шаруашылығы, жауын-шашын, жасанды жаңбыр.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
