Иран Сауд Арабиясындағы әскери базаға соққы жасап, америкалық аса қымбат ұшақты жойды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Жойылған ұшақ – құны жарты миллиард долларға жуық Boeing E-3 Sentry. Бұл АҚШ Әуе күштері үшін стратегиялық маңызы зор техника саналады. Ол AWACS жүйесі арқылы әуе кеңістігін алыстан бақылап, кез келген нысананы анықтай алады.
Алдын ала мәлімет бойынша, зымыран ұшақтың ең маңызды әрі осал тұсы – фюзеляж үстінде орналасқан алып радарға дәл тиген.
