Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
1861 жылдың 17 наурызында Италия Корольдігі құрылғаннан кейін, кез келген италиялық азамат, егер оның ата-тегі сол уақыттан кейін тіркелсе, азаматтық алуға толық құқылы болды. Италия үкіметі бұл өзгерістер Италия мен шетелдегі италиялық диаспора арасындағы байланысты нығайтуға, төлқұжат беруді коммерцияландыруға жол бермеуге және өтініштердің жиналып қалуын болдырмауға бағытталғанын хабарлады.
Үкіметтің мәліметінше, 2014 жылдың соңынан 2024 жылға дейін шетелде тұратын италиялықтардың саны 40%-ға өсіп, 4,6 миллионнан 6,4 миллион адамға жеткен. Бұл көрсеткіш Италия азаматтығына сұраныстың артып отырғанын айғақтайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда төлқұжатты кім тегін ала алатыны туралы ақпарат жарияланған болатын.
Кілтсөздер: Италия азаматтығы, италиялық төлқұжат, шетелдік италиялықтар, Италия үкіметі, төлқұжат алу.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
