Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Йеменде АҚШ әуе соққысына қатысты дау күшейді
Йемендегі хуситтер дүйсенбіге қараған түні АҚШ күштері Сана қаласы мен оның маңына шамамен 10 әуе соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы жергілікті Al Masirah және Sabа ақпарат агенттіктері хабарлады. Әуе шабуылдары ел астанасы – Сана мен оның айналасындағы Аттан ауданына, әл-Джауф провинциясындағы Хаб және Эш-Шааф, сондай-ақ Мариб аймағындағы Рагван аудандарына бағытталған.
Sabа агенттігінің дерегінше, екі шабуыл Арбаин көшесінде, тағы бірі әуежайға апаратын жолда тіркелген. Хуситтер Вашингтонға ресми түрде айып тағуда.
Йемен үкіметінің хуситтер бақылайтын денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Саван ауданына жасалған соққыдан кемінде 16 адам жарақат алды.
Бұл шабуылдар Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың хуситтерге қарсы жауап қайтаруға және Иранға қатысты шаралар қабылдауға уәде бергенінен кейін тіркелді. Бұл мәлімдеме хуситтердің Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайына баллистикалық зымыранмен соққы жасап, халықаралық рейстердің уақытша тоқтауына және алты адамның зардап шегуіне себеп болған оқиғадан соң жасалған.
Артынша хуситтер Израильдің Газа секторында әскери әрекеттерін күшейткеніне жауап ретінде бұл елдегі әуежайларға шабуыл жасайтынын және Израильге «әуе блокадасын» енгізуге талпынатынын мәлімдеді. Олар әуе компанияларын осы бағыттағы рейстерді тоқтатуға шақырды.
Айта кетейік, биыл наурыздан бері АҚШ әскері Йемен аумағындағы әуе соққыларын күшейтіп келеді.
Кілтсөздер: Йемен, хуситтер, АҚШ әуе соққысы, Сана, Израиль, Иран, халықаралық рейстер, Бен Гурион әуежайы, баллистикалық зымыран, Газа, әскери қақтығыс.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
