Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Канада үкіметінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Париждегі Канада елшілігінің байланыс желілері уақытша тоқтатылды. Канадалықтарға Францияда терроризм қаупі жоғары болғандықтан, ерекше сақ болу ұсынылады.
Соңғы жылдары Францияда террорлық шабуылдар жиілеп, көптеген адам жарақат алып, қаза тапты. Ресми ескертуде жаңа шабуылдар болуы мүмкін екені айтылған.
Еске сала кетейік, жуырда Францияда түрмелерге шабуыл жасаған 25 адам ұсталды.
Кілтсөздер: Канада, Франция, терроризм, Париж, Канада елшілігі, қауіпсіздік, террорлық шабуыл
Фото: inform.kz сайтынан алынды
