Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Румынияда президенттік сайлаудың бірінші кезеңінен кейін саяси дағдарыс күшейді. Бұған Конституциялық соттың сайлау нәтижелерін жоққа шығару туралы шешімі себеп болды. Сот шетелдік араласу күдігінен кейін өткен дауыс беруді заңсыз деп таныған еді. Енді елде қиын саяси кезең басталды.
Марчел Чолаку коалиция кандидаты ретінде қайта президент сайлауына екінші турға өте алмауына байланысты премьер-министр қызметінен кетті. Ал қазіргі уақытта уақытша үкіметті Ұлттық либералдық партиясының өкілі Предою небәрі 45 күн ғана басқарады. Оның өкілеттігі шектеулі болады.
Жаңа сайлауда әсіре оңшыл саясаткер, AUR партиясының жетекшісі Джордже Симион мен Бухаресттің батысшыл және тәуелсіз мэрі Никушор Дан екінші турда кездеседі. Бірінші турда тағы бір ұлтшыл саясаткер Кэлин Джорджеску үлкен қолдау алды, алайда оған қатысуға тыйым салынды.
Румыниядағы бұл саяси ахуал елдегі инфляцияның өсуі, бюджет тапшылығы мен экономиканың баяу дамуына байланысты қоғамда билікке қарсы наразылықтың күшеюімен тұспа-тұс келді. Еуропалық Одақ пен НАТО мүшесі саналатын осы мемлекет үшін сайлау нәтижесі айрықша маңызды. Жаңа президентті анықтайтын шешуші сайлау 18 мамырда өтеді.
Кілтсөздер: Румыния, президент сайлауы, Джордже Симион, Никушор Дан, саяси дағдарыс, уақытша үкімет, Ұлттық либералдық партия, әсіре оңшыл саясаткерлер, Еуропалық Одақ, НАТО, саяси ахуал.
Фото: inform.kz сайтынан алынды
