Белгілі журналист әрі медиаменеджер Мәди Манатбекұлы Stan.kz ақпарат агенттігінің кеңесшісі қызметіне келді, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Мәди Манатбекұлы еңбек жолын Шымкенттегі «Нартәуекел», «Шымкент келбеті» газеттерінен бастап, «Отырар» телеарнасында тележүргізуші, автор-редактор және продюсер ретінде танылды.
Кейіннен ол республикалық деңгейге көтеріліп, «Астана» телеарнасында жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды жүргізді, «31 арнада» тілші болып істеді.
2008-2010 жылдары «Хабар» агенттігінде жаңалықтар жүргізушісі болса, 2010-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.
Оның басшылық тәжірибесі де мол. Мәди Манатбекұлы «BAQORDA Media Group», «Қазақ радиолары», «Отандастар қоры» және «Астана радиосы» сияқты ірі ұйымдарға жетекшілік етті.
Медиа саласынан бөлек, ол мемлекеттік қызметте де тәжірибе жинады. 2021 жылы Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасын басқарды. Ал биыл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында идеология жөніндегі кеңесші ретінде жұмыс істеді.
