Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Наполеонның қылышы миллион еуроға сатылды
Атақты француз қолбасшысы Наполеон Бонапарттың қылышы аукционда 700 000-нан 1 миллион еуроға дейін бағаланды. Бұл баға оны "Наполеон дәуіріндегі ең қымбат сатылған жәдігерлердің бірі" атандырады. Аукцион ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл рекордтық сома 2007 жылы 4,8 миллион еуроға сатылған Маренго шайқасының қылышына жақын.
Бұл қылыш – Наполеонның жеке қаруы. 1802-1803 жылдары ол Версаль мануфактурасының директоры Николя-Ноэль Бутеге арнайы тапсырыспен дайындатқан. Император болып тұрған кезінде де, билігінің соңына дейін осы қаруын ұстаған. Кейін қолбасшы оны маршал Эммануэль де Гручиге сыйлап кеткен. Қазіргі күнге дейін қылыш оның ұрпақтарының қолында сақталған.
Айта кетейік, қылыштың тағы бір нұсқасы Санкт-Петербургтегі Эрмитаж музейінде тұр.
2021 жылы Бонапарттың парадтық қылышы мен бес тапаншасы тағы бір аукционда 2,87 миллион долларға өтіп, тарихтағы ең қымбат Наполеон артефактілерінің бірі болды. Бұл қаруларды Наполеон 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс кезінде қолданған.
Сонымен қатар, жақында Рим Папасы Лев XIV балалық шағында тұрған үй де аукционға шығарылғанын естеріңізге саламыз.
Кілтсөздер: Наполеон қылышы, аукцион, тарихи жәдігер, Наполеон қаруы, артефакт, әлемдік аукцион, тарихи қылыш, Наполеон Бонапарт
Фото: inform.kz сайтынан алынды
