Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Конституциялық құрылым түбегейлі өзгеріп, азаматтардың қатысуы мен құқықтары кеңейтіледі

30 января, 2026

Айдос Сарым пропорционалдық жүйенің артықшылықтарын атады

30 января, 2026

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

19 ноября, 2025
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Облыс әкімі Алтай қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті
Жаңалықтар

Облыс әкімі Алтай қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті

19 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында ҚХР Алтай қаласында 20-ға жуық қытай инвесторларымен кездесті. Кездесуге өндіріс, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, темір және әуе жолдары, көпір құрылысы, логистика, туризм, энергетика саларында жұмыс істейтін компания өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы қытайлық кәсіпкерлерге өңірдің әлеуетін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
«Абай облысының өнеркәсіптік, аграрлық, туристік әлеуеті зор. Өңір тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сіздермен барлық салада ынтымақтастық, берік қарым-қатынас орнатуға дайынбыз. Өздеріңіз байқап отырғандай, біз Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесі партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйдың шақыруымен Алтайға ең ауқымды делегациямен келіп отырмыз. Бұл біздің сіздермен бұрынғыдан да тығыз қарым-қатынас орнатуға ықыласты екенімізді көрсетеді. Семейде аумағы 1 мың гектардан асатын, 75 мың тұрғынға арналған жаңа ықшам аудан бой көтереді. Осында 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық, әлеуметтік нысандар, саябақтар, тұрғын үй кешендерін салу жоспарланған. Өздеріңізді осы ықшам ауданның құрылысына қатысуға шақырамын» деді облыс әкімі.
Кездесу барысында инвесторлар өздерінің жобаларын таныстырып,
туризм, көлік логистика, ауыл шаруашылығы, салаларына, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын, жылу желілерін салуға байланысты ұсыныстарын айтты.
Аймақ басшысы кездесуде айтылған ұсыныстар жан жақты қарастырылып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетін атап өтті.
Айта кетейік, Абай облысының делегациясы ертең Алтай қаласында өтетін халықаралық «Үлкен Алтай» субөңірлік конференциясына қатысады. Облыс әкімі конференциядан кейін бір топ инвестормен кездесіп, меморандумға қол қояды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleКалифорниядағы лаңкестік әрекеттен бір адам қаза тапты
Next Article Биыл Орталық Азия мен Еуропа Одағының Экономикалық форумы Өзбекстанда өтеді

Related Posts

Конституциялық құрылым түбегейлі өзгеріп, азаматтардың қатысуы мен құқықтары кеңейтіледі

30 января, 2026

Айдос Сарым пропорционалдық жүйенің артықшылықтарын атады

30 января, 2026

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

19 ноября, 2025
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version